{metadescription}
Семейде Шәкәрімнің 160 жылдығына орай ерекше көрме өтіп жатыр
Семейде Шәкәрімнің 160 жылдығына орай ерекше көрме өтіп жатыр

Семейде Шәкәрімнің 160 жылдығына орай ерекше көрме өтіп жатыр

Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына орай ерекше жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Бұл жолы жергілікті мұражай қызметкерлері, ақынның аса маңызды деген 10-нан астам затын шаһардағы жұрт көп келетін ірі сауда орталығына жеткізді. 

Олардың қатарында Шәкәрім Құдайбердіұлының кітаптары, естелік хаттары және қолтаңбасына дейін бар. Тіпті, ақын өмір сүрген замандағы Тобықты руына арнап тіктірген Тұмақ пен ою-өрнек те сөреден орын алған. Сондай-ақ, оның өз қолымен ұстаған саптыаяғы мен шоқпары жұрт назарына ұсынылды. Енді мұражай қызметкерлері бұл заттарды бір апатаның ішінде 100 мың адам тамашалайды деп жоспарлап отыр. Өйткені ірі сауда орталығы болғандықтан, мұнда кем дегенде күніне 15 мың адам келетін көрінеді. Алайда құнды жәдігерлерді көруге қала тұрғындары аса құлық танытпады. Себебі, жылжымалы көрмені тамашалаушылардың қатары тым сирек.

Болат Жүнісбеков, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық- музейінің директоры:

- Күніне 14-15 сағат жұмыс істеп өз бала-шағасын ғана емес, айналасындағы адамдарды асырап отырған кәсіпкерлер біздің қоғамымыздың тірегі деп Елбасы айтып отыр. Сондықтан біз оларды өзімізде күтіп отырмай, уақыттары тапшы болғандықтан оларға келіп қызмет көрсету, азаматтық, керек болса, мәдени қызметкер ретіндегі парызымыз деп білемін.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.