{metadescription}
Қарағанды облысында екі жол апаты 8 адамның өмірін жалмады
Қарағанды облысында екі жол апаты 8 адамның өмірін жалмады

Қарағанды облысында екі жол апаты 8 адамның өмірін жалмады

Қарағанды облысында болған екі ірі жол апатынан 8 адам қаза тапты. Тағы сегіз адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Қарағанды мен Балқаш арасындағы тас жолда «Лексус» пен «Ниссан» көліктері бетпе бет соқтығысқан. Салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен 4 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы ауыр жатақат алған.  Жол сақшылары жантүршігерлік апатқа қарсы бағытқа шығып кеткен Лексус кінәлі деген болжам айтады. Ал Жезқазған мен Сәтбаев арасында «КИА» көлігі Тайота прадо мен «ВАЗ» көлігіне соқтығысқан. Қатты соққыдан жол талғамайтын жапон көлігі аударылып кеткен. Ал джиптен бөлек Ваз көлігіне де соқтығысқан КИА-дан сау тамтық қалмапты. Апаттан осы КИА көлігінің 36 жастағы жүргізушісі ауыр жарақат алса, оның жары мен 9 жастағы баласы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Тағы алты адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Полиция КИА көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен деп болжап отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.