{metadescription}
Алматылық полицейлерге жаппай алғашқы медициналық көмекті үйретуі мүмкін
Алматылық полицейлерге жаппай алғашқы медициналық көмекті үйретуі мүмкін

Алматылық полицейлерге жаппай алғашқы медициналық көмекті үйретуі мүмкін

Алматыға сырттан ағылған азаматтардан қауіп көп. Бүгін осы мегаполистегі қоғамдық кеңестің отырысында осындай пікір айтылды. Қала прокурорының айтуынша, еліміздегі қылмыс атаулының 20 пайызы Алматының еншісіне тиесілі. Оның үштен бірін шаһарға сырттан және жақын шетелдерден келетін азаматтар жасайды екен. Ал қала әкімі мен құзырлы орган өкілдері қаладағы қауіпсіздік тұрақты, қолдан келетін шаралар атқарылуда деcе де, жеке тұлғаға қатысты қылмыс 3, қарақшалық 18 және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 6 пайызға артыпты.

Олимпиада жүлдегері Денис Теннің өлімінен соң Ішкі істер министрлігінің жұмысын сынға алып, басшылықты жаңарту керек деп дабыл қаққан қоғамдық кеңес енді сабасына түскендей. Себебі, қала әкімі Бауыржан Байбек қатысқан кезекті жиында «погон таққанға ұялмайсың ба?» деп полицейлерге шүйліккен ешкім көрінбеді. Ал қазақшасы амандасудан әрі аспаған 2 жарым сағаттық отырыс ары қарай түгел ресми тілде өтті. Қала прокурорының айтуынша, Алматыда ішкі және сыртқы миграция артқандықтан, бұл қылмыстық ахуалға әсер етпей қоймайды.

Берік Жүйріктаев, Алматы қаласының прокуроры:

- Қазір республикамыздағы құқық бұзушылықтың 20 пайызы біздің қаламызға тиесілі. Оның 31 пайызын өзге қалалардан, жақын шетелден келгендер жасайды.

Сондай-ақ, соңғы кездері Алматыда жеке тұлғаларға қатысты қылмыс 3, қарақшылық 18, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 6 пайызға өскен. Ал, Ішкі істер департаменті бастығының айтуынша, полицейлер Алматыға күнкөріс қамымен келген жандарды қатаң бақылап, жалға берілген пәтер, жатақхана және қонақ үйлерді ауық-ауық тінтіп шықпақ. Бірақ қаланың бас полицейі қауіпсіздікті күшейтіп, қызметкерлеріміздің біліктілігін арттырып жатырмыз десе де, олқылық барын жасырмады.

Серік Күдебаев, Алматы қаласы ІІД бастығы:

- Біздің жұмысымыздың бір кемішілігі қала  тұрғындарының алдында ашықтықтың жоқтығынан деп ойламыз. Бірақ бұл бағытта тиісті органдармен бірлесіп жұмыс атқарып жатырмыз. Департамент бастығының интернет-блогы істеп тұр. Кез-келген тұрғынның өтінішін қалдырып, 5 күн аралығында жауап алуға мүмкіндігі бар. Осы жарты жылда 284 өтініш келіп түсті.

Естеріңізге салсақ, әйгілі спортшы Денис Тен көшедегі ұрының қолынан қаза тапқаннан кейін қоғамдағы қауіпсіздік мәселесі қызу талқыға түскен еді. Кеш болса да атқа қонған сақшылар қаладағы көлік бөлшегін сататын ірі базарларды тінтіп, талай былықтың бетін ашты. Ал қала әкімі тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ештеңеден тайынбаймыз дейді.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Төрт ай бұрын әкімдік Әуезов ауданында 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан көлік бөлшегін саудалайтын базарды сүріп тастады. Онда ұрланған бөлшектер сатылғанын бәріміз білеміз. Қазір күшейтілген рейдтер жүргізілуде. Тұрғындардың қолдауымен әрі қарай жалғастырамыз.

- Қауіпсіздікті күшейту мақсатында қазір Алматыда 118 мың бейнебақылау камерасы орнатылған. Соның көмегімен биылдың өзінде 800 қылмыстың беті ашылыпты. Құқық қорғау органдарының қызметін цифрландыру керемет нәтиже береді дейді атқамінерлер. Сондай-ақ, жиын барысында полицейлерді алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйрету керектігі айтылды. Бұл оқиға орнына жедел жәрдем жеткенше қауіптің бұлтын сейілте тұру үшін қажет. Бірақ мұның бәрі халықтың полицейлерге деген сенімін нықтай ала ма, о жағын уақыт көрсетеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.