{metadescription}
АҚШ-та сотталып жатқан үш әйелдің бірінің күйеуі де күдікке ілінді
АҚШ-та сотталып жатқан үш әйелдің бірінің күйеуі де күдікке ілінді

АҚШ-та сотталып жатқан үш әйелдің бірінің күйеуі де күдікке ілінді

Америкада істі болып жатқан жерлестерімізге қатысты жаңа ақпарат шықты. «Алаяқтық жасады» деп айыпталған  үш әйелдің бірі Азиза Джалолованың  күйеуі – Элвин Джавадзаде де күдіктілердің қатарында екен.

Лола, Азиза Джалолованың анасы:

- Қызым наурызда ғана тұрмысқа шыққан. Мүмкін күйеуінің қатысы бар ма... Не ойларымды білмеймін, ешкімді кінәлай да алмаймын. Адамның басына бермесін. Өте қиын жағдай. 

Яғни, 23 жастағы Азизаның анасының айтуынша,  оның қызы 5 ай бұрын Америкада жүріп  күйеуге шыққан.  Азизаның  жұбайы 30 жастағы Элвин Әзербайжан азаматы болып шықты.  Жастардың тойына Азизаның  Таразда тұратын туыстары бара алмаған екен.  Сондықтан, күйеу баламды жүзбе-жүз көрген емеспін дейді Лола. Ал Диора Ашированың жақындарының  айтуынша, оның күйеуі жақында  Америкаға аттанбақ. Бұл отбасының үш баласы да қазір АҚШ-та  жүр.  Жалпы, «АҚШ-та алаяқтық жолмен  көлік сатты» деген күдікпен ТМД құрамына кіретін 8 елдің 25 азаматы қамауға алынған. Үшеуі қазақстандық. Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, АҚШ заңы бойынша  олар 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.