{metadescription}
Ресейге салынған санкциялар теңгені күн сайын құлдыратып барады
Ресейге салынған санкциялар теңгені күн сайын құлдыратып барады

Ресейге салынған санкциялар теңгені күн сайын құлдыратып барады

Апта басынан бері ұлттық валютамыз 8 теңгеге арзандады. Басты себеп, Ресейге салынған жаңа санкциялар екені мәлім. 

22-тамыз күні санкция күшіне енгенде рубль және оған байланған теңгенің  жағдайы қалай болатынын сарапшылардың өздері дөп басып айта алмай отыр. Өйткені солтүстіктегі көршіміз бен АҚШ арасындағы саяси-экономикалық жағдай шиеленіскенімен, мұнай бағасы бір қалыпты. Ал бүгін Қазақстанның қор биржасындағы сауда-саттықтан кейін доллар 357 де  20 теңгеге кеп тұрақтады.  Яғни кешеден бері тағы 3 теңгеге құнын жоғалтты. Ал Ұлттық банк теңге бағамы тым құлдырап кетсе, интервенция жасауға дайын екендігін мәлімдеп отыр. Бұл дегеніміз доллардың қымбаттамауын жасанды жолмен ұстап тұру. 

Мақсат Сералы, экономика сарапшысы:

- Интервенция жасайды, бірақ  интервенция жасаған  кезде өте ақылды жасалуы керек. Экономикалық  аумақтар бар,  экомикалық тауар айналымы   көлемін арттыратын  мезгілдер бар. Сол  кезде белгілі бәр кәсіпкерлерге сенімділік  ретінде екі үш ай ұстап тұруы  тиіс. Өзіңіз білесіз қазір егістік уақыты,   ауыл шарушалығы  уақыты,  сондықтан біз экспортқа мұқтажбыз. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.