{metadescription}
Табаны мұнай мен газға бай теңіз төңірегендегі талас-тартыс қалай аяқталды?
Табаны мұнай мен газға бай теңіз төңірегендегі талас-тартыс қалай аяқталды?

Табаны мұнай мен газға бай теңіз төңірегендегі талас-тартыс қалай аяқталды?

Каспийдің суы ортақ, ал қойнауын әр ел  қалауынша пайдаланады.  Сондай-ақ,  бір жағалауды  бөліп отырған 5 мемлекеттен басқа, теңізде сыртқы күштердің әскери базасы мүлдем болмауы тиіс. Ақтауда 20 жылдан кейін   Каспийдің құқықтық мәртебесі айқындалып, оған Ақтау төрінде Қазақстан, Ресей, Иран, Әзірбайжан мен Түрікменстан президенттері қол қойды. Сонымен бұл конвенция не береді? Табаны мұнай мен газға бай теңіз төңірегендегі талас-тартысқа соңғы нүкте қоя ма?

Ширек ғасырға созылып ақыры қол қойылған  конвенция көпшілік айтып жүргендей, Каспийді өзара  бөлуді көздемейді. Бұған дейін белгіленген әр елдің үлесі өзінде қалады.  Конвенция - Қазақстан президенті айтқандай осы кезге дейін қабылданған құжаттардың ең негізгісі, яғни Каспийдің кішігірім Конституциясы! Онда теңіз шекарасын қайта қарау туралы бір ауыз сөз жоқ.  Керісінше, теңіз табаны мен суын бөлу, мол  табиғи байлығын  бірлесе пайдалану жайы көбірек қамтылған.

Қаптаған камера алдында президенттердің осылайша қол алысып, жылы жымиюларына қарап саммиттің немен аяқталыны белгілі болған. Расымен күрмеуі көп мәселе бір-ақ күнде, қысқасы екі сағатта шешіліп сала берді. Назарбаев, Путин, Рухани, Әлиев пен Бердімұхамедов теңізге қатысты текетіресті ушықтырғаннан пайда жоғын жақсы біледі.  Сондықтан Ақтау төрінде президенттер тиянақты сүзгіден өткен конвенцияға қол қойып, шекара шебін тағы бір шегелеп алды. Құжат талай дауға түрткі болған суды пайдалануды бір ортақ ережеге бағындырмақ. Сөйтіп барлық түйткілді заңды жолмен шешуге жол ашылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

  • Біз аумақтық су көлемін 15 теңіз милі етіп бекіттік. Осыған орай, оның сыртқы шекарасы мемлекеттік мәртебеге ие болады. Аумақтық суға он мильдік балық аулау аймағы жалғасады. Теңіздің балық аулау аймағынан тыс бөлігі ортақ су кеңістігі болып қала береді. Мемлекеттік теңіз шекарасынан тыс аумақта Каспий жағасындағы елдердің туы бар кемелері еркін жүзе алады. 

Мильдеп бөлу Каспидің ең аз үлесіне ие Иранның көңілінен аса шықпайтын секілді. Теңізді 20 пайыздан 5-ке тең бөліп алайық деп жүрген Теһранды алдымен сыртқы күштерден төнген қауіп қатты мазалайды.     

Хасан Рухани, Иран Ислам Республикасының Президенті:

  • Каспий оның маңына қоныстанған елдерге ғана тиесілі. Сондықтан онда қандай болмасын әскери база салып, оны бөгде мемлекеттерге беруге, шетелдік  әскери кемелердің жүзуіне ұшақтарының ұшуына, жүк тасымалдауына тыйым салынады. Каспийдің қауіпсіздігін сақтауға  5 мемлекеттің өзінің-ақ қауқары жетеді.

Тіпті бұл талап конвенцияға енгізілген. Ал  Рухани дипломатиялық әдепті сақтап атын атап түсін түстемесе де  меңзеп отырғаны – АҚШ екені аян. Сондықтан Иранмен бірге Ақ үйдің санкциясынан  ығыры шыққан Кремль қожайыны да әріптесінің сөзін  лезде қолдай кетті.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

- Конвенцияда қауіпсіздікке басымдық берілген. Каспий соғыс ошағы қызған, халықаралық лаңкестерге жақын аймақта тұр. Сондықтан шекара шебін күшейтуіміз қажет. Қару-жарақ, есірткі айналымы мен браконьерлерге күресті де үдете түсуіміз керек.

Ал Әзірбайжан мен Түркіменстанды көбірек  мұнай мен газ тасымалдау жағы қызықтырады. Негізі қол қойылған конвенция бойынша, Каспийдің үсті бәріне ортақ, астындағы мол қазынаны әр ел қалауынша жаратады. Теңіз қайраңында 10 миллиард қара алтын  мен тағы осыншама газ қоры  барын ескерсек, бұқпантайлаған талас тартыстың тоқтамайтыны анық. Мұнайдан бөлек, браконьерлерден көздің қарашығындай қорғайтыны ол бекіре. Сондықтан балықты көбейту үшін мемлекет басшылары Каспий теңізіне бекіре шабақтарын жіберді.

Назарбаев, Путин, Рухани, Әлиев пен Бердімұхамедов жағалауда жүргенде де әңгімелері жалғасын тапты. Оның үстіне Каспий аумағында 240 миллион халық тұратынын ескерсек, президенттер сауда-саттықты да жандандыруға келісті.

Ал тарихта Ақтау конвенциясы ретінде қалған  құжаттың әлі шаруасы шаш-етектен. Президенттер қол қойғанымен енді Каспийдің құқықтық мәртебесі жайлы конвенцияны бөлек заң ретінде, әр елдің  Парламенті бекітіп беруі тиіс. Ал Каспий көл ме, не теңіз бе деп дауласқандардың ешқайсысы жеңген жоқ. Халықаралық құжат бойынша, Каспийді теңіз де, көл де деп айта беруге  рұқсат етілді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде