{metadescription}
Алматыда ұялы телефон ұрлығы өршіп тұр
Алматыда ұялы телефон ұрлығы өршіп тұр

Алматыда ұялы телефон ұрлығы өршіп тұр

Алматыда ұялы телефон ұрлығы өршіп тұр. Жыл басынан бері алып шаһарда 4 мыңнан астам байланыс құралы қолды болған. Ұрланған қымбат гаджеттер шекара асып, көрші Қырғызстанның сауда орындарынан табылады екен. Оңай олжаға құныққан сұғанақтармен күрес мақсатында алматылық полицейлер ұялы телефон сататын ірі орталықтарды тексеруге кірісті. Бірақ неге екені белгісіз, әдетте саудасы қызып тұрған орталықтағы сатушылардың тең жартысы жұмысқа шықпапты.   

Алаңсыз саудасын қыздырып тұрған сатушылар сау ете қалған бір топ тәртіп сақшыларын көргенде әбден састы.Олар шикілік шықпас үшін сөредегі ұялы телефондарын тексеріп әлек.Алайда, бір-бір ноутбук ұстаған полицейлер IMEI-кодтар базасы арқылы қолды болған смартфондарды анықтауға тырысты.

«Аш бәледен, қаш бәле» деді ме, әйтеуір ұялы телефондарын түгел жинап кеткен сатушылардың жартысы жоқ. Ал, мұндай ауқымды шараны құптайтындар құжатсыз телефон сатып алудан аулақпыз дейді.

Тимур Мырзахметов, сатушы:

  • Аласың ғой. Құжаты, қорабы, жеке құжатың міндетті түрде. Онсыз телефон алмаймыз. Қолхат алып жазып аламыз.

Алматыда әлі күнге дейін телефон ұрлығы тыйылмай тұр. Жыл басынан бері сұғанақтар 4 мыңнан астам байланыс құралын қолды қылған. Ал, бәрібір табылмайтынын біліп, полицияға арызданбағандары қаншама. Құқық қорғау органдары ұрланған қымбат гаджеттер шекара асып, көрші Қырғызстаннан біра-ақ шығатынын жеткізді.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

  •  Қазір 4000 тіркелген ұрлықтың 70 пайызы ізін суытпай ашылды. Әлі де біразы ашылмай тұр. Біздің мәліметімізге сүйенсек, ұрланған бағалы ұялы телефондар Қырғызстанға кетеді. Екі жыл бұрын біз терлеп-тепшіп, Бас прокуратураның көмегімен 100 ұрланған затты әрең алдыртқан едік.

Оңай олжаға құныққандар көбінесе базарлар мен түнгі ойын-сауық орындарын, қала берді қоғамдық көліктерді төңіректейді. Сондықтан тәртіп сақшылары телефоннан айрылып, опық жеп қалмас үшін тұрғындарға сақ болуға кеңес берді. Бүгін гаджеттің түр-түрі сатылатын орталықтан1127 телефон IMEI-базасында тексерілді. Алайда, байланыс құралының ешқайсысы ұрланбағаны анықталды.

Кеше

22 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде