{metadescription}
Министр ұлттық валютаның тағдырына қатысты оптимистік пікір айтып, жұртты жұбатты
Министр ұлттық валютаның тағдырына қатысты оптимистік пікір айтып, жұртты жұбатты

Министр ұлттық валютаның тағдырына қатысты оптимистік пікір айтып, жұртты жұбатты

Теңге девальвацияға  ұшыраған жоқ! Еліміздің Ұлттық экономика министрі ұлттық валютаның тағдырына қатысты оптимистік пікір айтып, жұртты жұбатты. Американың Ресейге салған санкциясының  да біздің экономикаға түк қатысы жоқ екен. Осылай дегенемен, ішкі нарықтағы долларға тікелей тәуелді салаларда сауда қалай? Жәудір Оразхан анықтап көрді.

Теңгенің  тұрақтай алмай тұрғанын көріп отырған шенеуніктер ұзақ үнсіз жүре алмады.  Ұлттық экономика министрі: доллар қанша қымбаттаса да қазына қаржысына қауіп төніп тұрған жоқ,- дейді. АҚШ ақшасы бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асуына да кедергі келтірмейді. Ал экономистер мен депутаттардың «теңге тағы девальвацияға ұшырады»  деп  жүргендері  бос сөз екен.   

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

  • Девальвацияға қатысты дауласуға болады. Егер  теңгенің бағамы  бір-екі күнде  бірден өзгерісе ғана  оны девальвацияға ұшырады деп айта  аламыз. Ал Ұлттық банктің мәліметі бойынша, теңге жыл басынан бері 9,3  пайызға құнсызданған. Бұл –  дүрлігетіндей  көрсеткіш емес.

 Сүлейменов теңгенің жағдайын рубльмен салыстырды. Ресей ақшасы жыл басынан бері 18, теңге 9 пайызға құнсызданыпты. Яғни, біздің жағдай көш ілгері деп жұбатты.  Ал доллар бағамы 340 теңге деп бекітілген бюджет ше, қазіргі курстық  өзгерістерге байланысты қайта қарала ма?  Үкімет күзде онсыз да мемлекеттік  шығыстар мен кірістерді тағы бір нақтылауды жоспарлап отыр. Бірақ, оған доллар мен теңгенің түк қатысы жоқ екен.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

  • 2019-2021 жылдардың бюджетіне келсек, оған әсер ететін экономикалық факторларды алдын ала болжау өте қиын. Қазір АҚШ-тың ақша-несие саясатын, Ресейге салынған санкцияларға  сараптама жасап жатырмыз. Негізі, санкцияның бізге еш қатысы жоқ. Америка  санкциялардың біздің экономикамызға зияны тимейді деп уәде берген.

Яғни, Қазақстанның экономикасына не  Ресейге салынған санкция, не бір аптада 349-дан  365 теңгеге бір-ақ көтерліген  доллар  кері әсер ете алмайды. Бұл шенеуніктердің пікірі. Ал ішкі нарықтағы  шетел валютасымен тікелей тәуелді салаларда жағдай басқа. Мәселен, туристік компаниялар шетелге шығып, демалғысы келетіндердің саны азайып бара жатқанын айтады.

Юлия Долгушина, туристік агенттіктің атқарушы директоры:

  • Валюта бағамы турбилеттерге міндетті түрде әсер етеді. Біз шетелдік компаниялармен жұмыс істейміз. Долларды теңгеге айналдырғанда, әрине, баға қымбаттайды. Ал курс күнде өсіп отыр.

Шетелдік көліктерге толы автосалондар да бағаларды қайта қарауға дайындалып жатыр. Елімізге жаңа  көліктер келген күні бағаның  шарықтап шыға келуі әбден мүмкін дейді мамандар.

Ербол Сейпілов, «Қазақстан автобизнес қауымдастығының»  техникалык реттеу директоры:

  •  Жаңадан автокөліктерді құрастырғанда жаңа доллармен кіргізген кезде баға, әрине,  өседі. +191817 Егер адамдар тұтынушылар көлік аламыз деген ойы болса, оны ұзақ уақыт созбай қазір автокөлікті алып алған дұрыс деп ойлаймын. Кейін көліктің бағасы өсіп кетуі бірталай.

Доллар, девальвация, теңгенің тағдыры туралы сөз болған Үкімет жиынына Ұлттық банк басшысы келмеді. Данияр Ақышевтың орынбасары Алматыда отырып  интернет арқылы тікелей байланысқа шықты. Сөйтіп, Смоляков та «доллар іздеп, сабылып жүрген ешкім жоқ. қажет болса интервенция жасауға дайынбыз» деп премьер Сағынтаевты жұбатып қойды. Сонда «АҚШ ақшасымен бірге азық-түлік, жылдымайтын мүлік, пәтер құны қымбаттайтын болды» деп дүрлігіп жүрген сарапшылар мен қарапайым азаматтар ғана.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде