{metadescription}
Моңғолияда 40 мыңға жуық адамды сазға отырғызып кетті деген күдіктінің қандай лауазымда істегені анықталды
Моңғолияда 40 мыңға жуық адамды сазға отырғызып кетті деген күдіктінің қандай лауазымда істегені анықталды

Моңғолияда 40 мыңға жуық адамды сазға отырғызып кетті деген күдіктінің қандай лауазымда істегені анықталды

Моңғолияда 40 мыңға жуық адамды сазға отырғызып кетті деген күдікке іліккен отандасымыздың бұрын еліміздің Төтенше жағдайлар қызметінде істегені анықталды. Марат Мәженов Шығыс Қазақстан облысындағы  департаментте  бөлім басшысы болыпты. Оны енді зейнетке шыққан соң қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен Интерпол іздеуде.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

  •  2017 жылы ақпан айында Қазақстанның азаматы Марат Мәженов Моңғолия құқық қорғау  огандарымен ұсталып, алаяқтықпен айналысты деген күдік тағылды. Қазіргі таңда ол кісі Моңғолиядан шығып кетті.  Қазір ол қайда екенін білмейміз. Тек Интерпол іздеп жатыр.   Егер ол азамат Қазақстанның аумағында болса, біздің қазақсатндық Интерпол оны ұстап, Моңғолия тарапына тапсырады.

Қазір Марат Мәженов  өзі құрған «Жи Тайм» деп аталатын компанияның  директоры. Фирма қаржы пирамидасының жүйесімен жұмыс істеген көрінеді. Моңғолияның 38 мың азаматын арбауына түсіріп, олардың 16 миллион долларын жымқырды деген айып тағылған.  Өткен жылы ұсталған жерлесімізді Моңғолияның құқық қорғау орындары биыл үйқамаққа жіберген екен. Марат Мәженов осы сәтті пайдаланып, бұл елден қашып кеткен. Күдікті төрт айдан бері табылмаған соң,  Интерпол халықаралық іздеу жариялады.

Кеше

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде