{metadescription}
Астанадағы №1-ші перинаталдық орталықта тағы бір әйелдің сәбиі шетінеп кетті
Астанадағы №1-ші перинаталдық орталықта тағы бір әйелдің сәбиі шетінеп кетті

Астанадағы №1-ші перинаталдық орталықта тағы бір әйелдің сәбиі шетінеп кетті

Астанадағы №1-ші перинаталдық орталықта тағы да жанжал. Бұл жолы айы-күні жетіп, босануға бір келген  келіншектің сәбиі  құрсағында шетінеп кеткен.  Бірнеше күннен бері көз жасы құрғамаған әйелдің айтуынша, дәрігерлер көмек көрсетудің орнына 8-ші тамызда яғни 8 сандары сәйкес келген күні  басқаларды ақшаға босандырудың қамымен жүріпті.

Бұл киім-кешекті кию кішкентай Миронға бұйырмады. Жарық дүниеге асыққан ұл анасының құрсағында жатып  шетінеп кетті. Бұл жәйтке 32 жастағы Наталья Ярцева  дәрігерлерді айыптап отыр.

Наталья Ярцева, Астана қаласының тұрғыны:

-Үшінші ультрадыбыстық зерттеу кезінде бала кіндігінде 2 артерияның орнына біреуі  ғана болғаны анықталды. Бала жалғыз сонымен өсіп, дамыған. Бірақ дәрігерлер бұған бола уайымдамауға кеңес берді.  Тіпті  Наталья сенде 38 апта, денсаулығың жақсы  босануға әлі  ерте 39 аптаға жетсін асықпаңыз деді.

Бірақ  келіншек баласының іште қозғалуы баяулап қалғанын   айтып қанша  жалынса да, ешкім саусағының ұшын да қимылдатпапты. Содан Натальяның нәрестесі   құрсақ ішінде шетінеп, жатырындағы өлі сәбиімен палатада тағы бір күн жатып қалған. Тек ертесіне есін жиған дәрігерлер операция жасағанымен бәрі тым кеш еді. Натальяның күдігінше, ақ халаттылардың оған дерек көмек көрсетпеуіне  8-ші тамыз  себеп. Өйткені 8 сандары сәйкес келген  күні босануға сұраныс көп болып, дәрігерлер еңбегін ақшаға сатқан көрінеді.

Наталья Ярцева, Астана қаласының тұрғыны:

-Екі мың он сегізінші жылдың, сегізінші айы мен сегізінші күні босанғандардың көбісі жас аналар. Біреулерге қуаныш  шығар бәлкім,   мен үшін    баламның қайтыс болған күні бұл. Аты-жөндерін  айтпай-ақ қояйын менен кейін түскен келіншектерден  осы күні дәрігерлерге  ақша төлеп босанып алғанын естідім.

Сәбиінің  неліктен шетінеп кеткенін  әйелге ешкім түсіндірмеген де. Сондықтан Наталья атышулы перзентханаға бүгін тағы келді. Алайда, бас дәрігерден бастап орынбасарлары аяқ асты іссапараға кеткендіктен күзетшілері   есік аузынан әрі аттатқан  жоқ. Соңғы айларда бұл  перинаталдық орталық  даудан көз ашар емес. Мұнда 3  әйел толғақ үстінде көз жұмған еді. Тәуелсіз зерттеу жүргізген Израиль мамандары бұған дәрігерлердің кінәсі жоқ, деген қортындыға келген. Ал бұл сұмдық оқиға да  осы  сарында аяқталатын сияқты.  Белгілісі  мән-жайды анықтауға арнайы комиссия іске кіріскен.

Сәуле Мұқышева, ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

-Жатырда тыртығы болған.Әрі баланың зәр шығару жүйесінде ақау бары анықталды. Оның үстіне жүктілігіне 38 апта болған.  Ал  емдеудің диагностикалық ережесіне сай, кесір тілігін жасау жүктіліктің 39 аптасында ғана рұқсат етіледі.

Ал кішкентайының  кие алмай кеткен киім мен жаялықтарын  Наталья жетімдер үйіне апарып бермек. Сөйтіп  келіншек  қайғысын сәл де болса ұмытқысы келеді.

- Баласын жер қойнына тапсырған Наталья Ярцева енді өз ісіне салғырт қараған дәрігерлерді заңмен жазаламақ ойда. Тіпті Денсаулық сақтау министрлігі мен прокуратураға арызданып қойған. Қазір сараптаманың қортындысын күтіп отыр. Десек те оның шынайы болатынына  күмәнмен қарайды. Бірақ жарық дүниені көрмей кеткен ұлы үшін істі соңына дейін жеткізуге бекініп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.