{metadescription}
Қарағандыда дінінен адасқан әке қызына қан құйдыруға қарсы шықты
Қарағандыда дінінен адасқан әке қызына қан құйдыруға қарсы шықты

Қарағандыда дінінен адасқан әке қызына қан құйдыруға қарсы шықты

Қарағандыда шала туып, ауыр халде жатқан шақалақтың ата-анасы оған қан құйдыруға үзілді-кесілді қарсы. Ал дәрігерлер 6 айлығында 900 грамм салмақпен туылған сәбиге жедел қан құймаса шетінеп кету қаупі бар дейді. Алайда «Иегова куәгерлері» деген сектадағы  ата-ана балаға басқаның қанын құю құдай алдында күнә болады деп сіресіп отыр.

Андрей Колесников, баланың әкесі:

-Киелі жазбада құдайға құлшылық ететіндер бөтенмен қанын араластырмау керектігі айтылған. Бұл өте маңызды.  Екіншіден құйылатын қан қандай, кімдікі? Оны құйғанымен баланың аман қалуына кепіл жоқ . Оған қанды алмастыратын сұйықтықтарды құйса да болады ғой.  

Қазір шақалақтың өкпесі дұрыс жұмыс істемей өлім мен өмірдің арасында жатыр екен. Дәрігерлер ауа қысымының өзгеруі мен қатты дауыстан- ақ қан тамырлары жарылып кетуі мүмкін дейді. Алайда, емге дәру болатын қан құюдан құдай жолындамыз деген ата-ана  ат тонын ала қашқан. Осыған байланысты перзентхана ұжымы қорғаншылық және қамқоршылық бөліміне арызданды. Құзырлы орган өкілдері жас анаға  қанша түсіндіргенімен, олар алған беттерінен қайтпаған көрінеді. Сондықтан енді олар «Иегова куәгерлерін» уақытша ата ана құқығынан айырып, баланы өз қарауына алуға әрекеттеніп жатыр. Өйтпесе, шала туылған шақалақтың адам болуы екіталай екен. 

Арай Ділдәбекова, Қарағанды қалалық білім бөлімі қамқоршылық секторының жетекшісі:

-Егер де бала мен ата ананың арасындағы көзқарастар қарама қайшылық туғызса, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі заңға сәйкес уақытша қорғаншы тағайындауға құқысы бар.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде