{metadescription}
Пара аламын деп ұсталып қалды
Пара аламын деп ұсталып қалды

Пара аламын деп ұсталып қалды

Астанада тағы да мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері пара аламын деп опық жеді. Экономикалық тергеу қызметінің аға тергеушісі 5 мың доллар заңсыз сыйақыны қалтасына басып жатқан сәтінде құрықталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның мәліметінше, күдікті әлдебір Жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшысының ақша жымқыруға қатысты қылмыстық істі тоқтатуға келіскен. Ақысына директордан 15 мың доллар талап етіпті. Бірақ, оның жымысқы әрекеті іске аспады. Алайда күдікті өз кінәсін бірден мойындағандықтан, тергеу біткенше қамауда отырмайтын болды. Айта кетейік, жыл басынан бері экономикалық тергеу қызметінің офицерлеріне қатысты 8 заңсыз сыйақы алу дерегі анықталған. Параның көлемі 25 миллион теңгеден асады.

Кеше

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде