{metadescription}
Қарағандыда кондуктордан таяқ жеген жолаушы төбелесті өзі бастаған болуы мүмкін
Қарағандыда кондуктордан таяқ жеген жолаушы төбелесті өзі бастаған болуы мүмкін

Қарағандыда кондуктордан таяқ жеген жолаушы төбелесті өзі бастаған болуы мүмкін

Қарағандыда автобустың кондукторы жолаушыны оңдырмай соққыға жықты. Екеуара төбелес қала ортасындағы аялдамада болған. Қазір тараптардан полиция жауап алып жатыр.

Төбелес автобуста басталып, аялдамада аяқталыпты. Бет-ауызы қан жоса болған 28 жастағы жігіт 16 жастағы кондуктордан оңбай таяқ жеген. Маңайдағы жұрт полиция мен жедел жәрдемді шақырып, жігітке медициналық көмек көрсетті. Артынша ауруханаға жеткізіп, жарасын таңған соң үйіне жіберілген. Ал кондуктор баланың үстінен бұзақылық бабы бойынша іс қозғалған. Автопарк басшылығы ерегісті жолаушының өзі бастағанын айтады. Бірақ полицейлер екі жақ пен куәгерлерді сұрап болмайынша бәлендей болжам айта алмаймыз дейді.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы:  

-Полиция қызметкерлері не жәбірленуші жақ немесе күдікті азамат бастады дегенді нақты айта алмайды  Автопарктің мекеме басшыларынан, қоғамдық көлік жүргізушісінен, сол көлікте оқиға болған жерден , барлығынан жауап алынады. Тағы бір анықталатыны  күдікті 16 жаста кәмелетке толмаған, ол жұмысқа қалай тұрды деген мәселе тексеріледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде