{metadescription}
Азия ойындарындағы ел құрамасының алғашқы алтыны Денис Тенге арналды
Азия ойындарындағы ел құрамасының алғашқы алтыны Денис Тенге арналды

Азия ойындарындағы ел құрамасының алғашқы алтыны Денис Тенге арналды

Ал, Индонезияда алтыннан олжа салған семсерлесуші Дмитрий Алексанин болатын. Жерлесеміз ақтық кезеңде оңтүстік кореялық спортшы, Рио олимпиадасының чемпионы Пак Сан Йонгті тізе бүктірді. Ал, сайыстан соң қуанышымен бөліскен чемпион жеңісін Денис Тенге арнайтынын жеткізді.

Бұл семсерлесуші Дмитрий Алексаниннің ақтық сыннан соң ентігін баса алмай тұрған сәті. Индонезия төрінде алтыннан алқа тағынған спортшы қарсылас шақ келтірмеді. Тіпті, жерлесіміз жартылай кезеңде Лондон Олимпиадасының қола жүлдегерін жеңсе, финалдық бәсекеде Рио олимпиадасының чемпионын тізе бүктірді. Ал, Азиаданың үр жаңа жеңімпазы жетістігін қапыда қаза тапқан Денис Тенге арнаймын деді. 

Дмитрий Алексанин, Азия ойындарының чемпионы:

-Ну, всему Казахстану, безусловно. И Денису Тену посвещаю. Какая гибель, ужасная. Даже слова нету.

Дмитрий Алексанин биылғы Азия ойындарында алтын медаль иеленген әзірге жалғыз қазақстандық спортшы. Бірақ, жарыстың алғашқы күнінен бастап жерлестіріміз өзге спорт түрлерінен жүлдегерлер қатарына ілігіп, 2 күміс және 3 қола медаль еншіледі. Қыркүйектің басына дейін жалғасатын байрақты бәсекеде әлі де үкілеп үміт артқан спортшымыз көп дейді, Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері.

Елсияр Қанағатов, ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры:

-Бүгін таэквондодан қола медаль алдық. Ертең Жансель, Руслан сынды таэквонда спортшыларымыз сайысқа түседі. Жалпы күнделікті жүлделер сарапқа салынып тұрады. Сондықтан спортшыларамыз әлде де жақсы нәтиже көрсетеді деген ниеттеміз.

2014 жылғы Азия ойындарын Қазақстан құрамасы жалпы есепті 4-ші орынмен аяқтаған еді. Ал, 4 жылда бір келетін биылғы бәсекеде осы  межені сақтап қалу көзделген. Әзірге жерлестеріміз 9-шы орында тұр. Ал,  соңғы мәліметтерді Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлап отырмақ.

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.