{metadescription}
Бас мүфти сауапқа кенелудің жолын айтты
Бас мүфти сауапқа кенелудің жолын айтты

Бас мүфти сауапқа кенелудің жолын айтты

Ертең күллі мұсылман қауымы үшін Құрбан айт басталады. Ұлық мерекеге орай Бас мүфти жамағатты құттықтап  үш күндік мейрамда адам  қандай амалдар жасағанда  үлкен сауапқа кенелетінін  айтты.

Серікбай қажы Ораз, ҚР Бас муфтиі:

-Құрбан айт - кешірім мен мейірімнің, қанағат пен қайырымдылықтың мерекесі. Айттың құрметіне ізгілік пен кеңшіліктің жолын ұстанып, қараусыз қалған қарттарға қайырымдылық жасап, қамкөңіл жандарға сыйлық берудің сауабы мол. Осы ретте барлық отандастарымызды қайырымдылық іс-шаралар мен сауапты істерге атсалысуға  шақырамын. Құрбан Айт құтты, мүбәрақ болсын!

Жағдайы бар, қарызы жоқ мұсылман қауым айтта құрбандық шалады. Ал шамасы келмейтін адамға Алла Тағала мұндай міндет жүктемеген. Құрбандық малын айт намазынан кейін айттың үшінші күні кеш батқанға дейін шалуға болады. Құрбандық еті ағайын-туысқа, көршіге, тұрмысы төмен отбасыларына таратылады. Сондай-ақ, айт күні ерте тұрып, айт намазына қатысу - мұсылмандық  парыз.  Елімізде ертең құрбан айттың құрметіне орай демалыс жарияланған.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде