{metadescription}
Каспийге қауіп төнсе әскери кемелер қалай тойтарыс береді?
Каспийге қауіп төнсе әскери кемелер қалай тойтарыс береді?

Каспийге қауіп төнсе әскери кемелер қалай тойтарыс береді?

Каспийдің құқықтық мәртебесі айқындалып, шекарасы бекітілгеннен кейін еліміздің әскери теңіз күштері дайындықтарын бастап кетті. Ұрысқа шығатын жауынгерлік кемелердің қауқары мен көк айдынды күзететін теңізшілердің шеберліктері сыналды. Мұздай қаруланған зымыран-арттилериялық әскери кемелер әуе, теңіз және су асты нысандарының көзін жойып, жаудың бетін қайтаруға машықтанды. Әскери теңіз күштері 25 жылда қандай кеме және техникамен толықты?

Сайдың тасындай іріктелген теңізшілер Ақтау айлағында сап түзеп, дәстүр бойынша жорыққа шығатын әскери кемелердің жауынгерлік туы көтерілді. Капитанның бұйрығынан кейін зымыранды-арттилериялық кемелер шеберліктерін шыңдау үшін ұшы-қиыры жоқ Каспий айдынына бет алды. Бес ел басшыларының самитінен кейін әскери теңіз күштерінің міндеті де артқан. Себебі, Қазақстанға тиесілі теңіз аумағы тағы 27 шақырымға созылды.

Бауыржан МАРАТҰЛЫ ҚР ӘТК әртекті кемелер дивизионының командирі:

-Бүгінгі таңда мақтанып айтатын 6 кемеміз бар. Яғни, төрт зымыранды-артиллериялық кемеміз бар. Ол отандық Орал зенит зауытында шығарылған. Ресейде шығарылған минатралдық кемесі және гидрографикалық кемесі. Осыған дейін 12 мильді бақылайтынбыз. Саммиттен кейін біздің аумақ 15 мильге дейін ұлғайды.  

-Қарт Каспийге төнген қауіп-қатерге мұздай қаруланған кеме кез келген уақытта тойтарыс бере алады. Әскери кеме тек су бетінде ғана емес, су астынан және әуеден келген жаудың көзін жоюға қауқарлы. Мысалы, мына Альберт нысаны 7 шақырым қашықтықта орналасқан жау ұшағын тас-талқан етеді.

Мемлекеттік шекараның тұтастығын күзететін матростар жау нысанын байқап, лезде қорғану әдісіне көшті. Заманауи АКА-306 артиллериялық қондырғысы  минутына 1000 оқ жаудырып, кемеге шабуылдаған нысанаға соққы берді.

Жауынгерлік кеме экипажында боцман, матрос, старшина ұзын-саны 30-дан астам жоғары дайындықтан өткен теңізшілер бар. Олар ауа райы қалай құбылса да, жау көзін жоюға ешқашан тайсалмайды. Ал, штурмандық бөлім тулаған теңіз толқындарына тосқауыл болып, су көлігін басқарады.  

Дастан ИХСАН ӘТК штурмандық жауынгерлік бөлімнің командирі:

-Кеменің қауіпсіздік бағыт алуы, кеменің жауынгерлік маневріне жауап береміз.Бүкіл рульге берілген командаларды орындау. Пәрмендерді орындап, кемені бағыттаймыз.

Кемеде өрт шықса да,  су кірсе де теңізшілер тас түйін дайын. Ондай қауіптің бетін қайтару үшін әскери-теңіз күштері дайындықтарын арнайы оқу-жаттығу станциясында пысықтайды.

Қази ӘБИЕВ ӘТК оқу-жаттығу станциясының бастығы:

- Өрт, кеменің ішіне су кіру сынды жағдайлардың алдын алу мақсатында жеке құрам оқу станциясында тәжірибелік оқу-жаттығу өткізеді. Кемеде жаттығу жасауға мүмкіндік жоқ. Сондықтан жеке құрам аптасына төрт рет оқу станциясына келіп, жаттығады.

Биыл Әскери теңіз күштерінің құрылғанына 25 жыл толды. Осыған орай, Ақтау қаласында әскери шеру өтіп, сарбаздар сап түзеді. Мұнай мен газ, бағалы бекіре балығына бай теңізді қорғауға бағытталған техника мен соңғы үлгідегі қару-жарақпен жабдықталған қуатты кемелер таныстырылды.Дәстүрге берік, 365 күннің жартысын суда өткізетін әскери теңіз күштерінің мақсаты айқын. Ол - еліміздің іргесін, экономикалық мүддесін барынша қорғау.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде