{metadescription}
Кеденде контрабандалық  ұялы телефонның жолы кесілді
Кеденде контрабандалық  ұялы телефонның жолы кесілді

Кеденде контрабандалық ұялы телефонның жолы кесілді

Қорғас кеден бекетінде контрабандалық жолмен өткізілген ұялы телефонның ірі партиясы тәркіленді. Оңай олжаға кенелуді көздегендер онымен қоса темекі және дәрі-дәрмек өнімдерін де алып өтуге тырысқан. Ал заңсыз тауардың жолын кескен кеденшілер қазір  оқиғаны жан-жақты тексеріп, оған қатысы бар адамдарды  анықтап жатыр.

Ораулы картон қораптардан 575 дана арзан бағалы телефон табылған. Яғни бұлардың барлығы - тек қана хабар алмасуға арналған қарапайым байланыс құралы. Айта кетейік, елімізде мемлекеттік қызметкерлерге смартфон ұстауға тыйым салынғаннан кейін осы телефондар қайтадан кеңінен қолданыла бастаған еді. Сауда орындарында оларға деген сұраныс әлі де бәсеңсімеген көрінеді.

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.