{metadescription}
Теңіз кен орнында 3 адам тірідей жанып кетті
Теңіз кен орнында 3 адам тірідей жанып кетті

Теңіз кен орнында 3 адам тірідей жанып кетті

Атырау облысындағы оқиға осындағы вахталық елдімекендегі иесіз қалған жатақханада болған. Қайтыс болған 48, 46 және 43 жастағы азаматтар кен орнындағы мекемелердің бірінде күзетші және жүргізуші болып жұмыс істеген. 

Бұл Атырау облысындағы өндіріс орындарында болып тұрған алғашқы жағдай емес. Дәл осындай оқиға наурыз айында ғана Қаратабандағы құрылыс алаңында болып, 7 адам қаза тапқан еді. Ол кезде оқиғаға электр көзіне күштің шамадан тыс көп түсуі себеп болған. Өйткені, контейнерлерден жасақталған жатақтарда жылыту жүйесі болмағандықтан жұмысшылар электр пештерімен жылынуға мәжбүр болған. Ақырында жұмыс беруші кінәлі деп танылып, қайтыс болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қомақты қаржы төлеп құтылғанды. Бұл жолғы өрттің себебі анықталу үстінде. Ал, марқұмдардың көптен бері адам тұрмайтын жатақтың ішіне не іздеп барғандары да әзірге белгісіз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.