{metadescription}
Кабулда президент сарайына шабуыл жасалды
Кабулда президент сарайына шабуыл жасалды

Кабулда президент сарайына шабуыл жасалды

Қасиетті мерекеде қырғын салды! Ауғанстан астанасында мұздай қаруланған топ президент сарайына шабуыл жасады. Граната атқыштан оқ жаудырғандарға, тіпті, Құрбан айт мейрамы да тоқтау бола алмаған.  

Лаңкестер резиденцияға көрші ғимаратқа бекініп алып алып, оқ жаудырған. Ал содан екі сағаттай бұрын президент сарайының мешітінде ел басшысы Ашраф Ғани мен бір топ лауазымды шенеуніктердің қатысуымен айт намазы оқылған екен. Алдыңғы күні ғана Ғани Құрбан айт мерекесіне орай атысты доғару жөнінде шешім қабылдаған болатын. Алайда ол келісімді бұзуға тура келді. Ауған әскері мен қарулы топ арасындағы атыста екі лаңкестің көзі жойылды. Бұдан бөлек, Кабулда дипломаттар тұратын ауданда бірнеше жарылыс болды. Мәліметтерге қарағанда, қасиетті мерекеде қырғын салған тәліптер екен. Жарылыстан қаза тапқандар жайлы мәлімет жоқ.    

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде