{metadescription}
Құрбан айт күні мал бағасы қымбаттап шыға келді
Құрбан айт күні мал бағасы қымбаттап шыға келді

Құрбан айт күні мал бағасы қымбаттап шыға келді

Алматыда Құрбан айт күні әдеттегідей қой саудасы қызды. Қазір қала базарларында  Шопан атаның төлі 15-20 мыңнан 75-80 мың теңгеге  дейін саудалануда. Тұрғындар былтырғыға қарағанда құрбандыққа шалынатын малдың қымбаттағанын айтып жатыр. Мереке күні болған соң,  жергілікті  билік  те  мал сататын жерде  құран оқып,  қан шығаруға  рұқсат беріпті. Тіпті сонда  мешіттер де өз имамдарын жіберген.

Тоқтысы бар, қошқары бар, тек мына базардың өзіне таң атпай  мыңға  жуық бас әкелініпті. Алматы облысынан, Жамбыл, тіпті  Шымкент жақтан да жеткізілгендері жетерлік. Саудагерлер де тірі тауарын жарнамалап, бірінен бірі қалыспайды.

Дулат Таңатаров, мал сатушы: 

 - Алланың аспаннан   түскен көк қошқары осы  қазақи қойлар ғой. Қазақи  қойлар. Алланың жаратқан койлары. Ананы қосып, мынаны қосып ойлап тапқан, негізі таза қойлар бар. 

Базарда тоқтылардың бағасы  15-18 мың, 60-70 келі еті бар дәу қошқарлар 80 мың теңгеге дейін жетеді. Саудагерлердің өзі «мұндайда саудаласу құранға қайшы емес, қайта сүннет» деп отыр.

Рүстем Тұрғанбаев, Алматы қаласының тұрғыны:

-Бағалары  шамалы қымбаттаған.  Жылда сол ғой. Құрбан айт кезінде бәрі қымбаттайды. Құрбандық шалып жатыр , халықтың жағдайы жақсы ғой.

Алматының барлық мал базарларында бүгін ветеринарлар да жұмыс істеп жүр. Олар қойдың құжаттарын тексеріп, анықтама қағаздарына үңілуде.  

Марат Жүнісов, Алматы қалалық ветеринарлық  орталықтың мал дәрігері: 

-  Табылса, не  шара қолданады?

 - Полицияға береді, мемлекеттік ветеринарлар   акт жазады.

- Сатуға тыйым саласыздар ма?

- Тыйым саламыз.

Айт күні шенеуніктер базарда  сатып алынған малды арнайы орынға тасымай, сол жерде-ақ  сойып алуға  рұқсат беріпті. Бір қойға 2-3 мың теңге алатын қасапшылардың да асығы алшысынан  түсіп тұр. Қажет болса,  мың теңгеге бас үйітіп, ішек-қарын тазалап береді. Қан шығарар алдында Құранның тиісті аятын оқитын имам да осында.

Нұркен Дінмұқан, имам:

-Бұл жерлер кішкене әлі стандартқа сай емес. Бірақ  мемлекет  тарапынан рұқсат берілгесін шалынып жатыр ғой. Бірақ әлде де жағдай жасау керек қой. Цемент құю керек сияқты. Бірақ жылда жылда түзеліп келе жатыр.

Алматы қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы  шахар бойынша тек үш жерде ғана  ресми түрде мал сатуға рұқсат беріпті. Әйтпесе, тәртіп сақшылары арнайы  рейд ұйымдастырып, кез келген жерде қой саудасын қыздыратындарды жазаламақшы. Алайда Талғарға апаратын тас жолдағы талай жылғы мал базары ол тізімге енбесе де,  сатушыларды қуып жатқан ешкімді көрмедік.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде