{metadescription}
Қошқарды көп көтеріп рекорд орнатты
Қошқарды көп көтеріп рекорд орнатты

Қошқарды көп көтеріп рекорд орнатты

Алматыда Құрбан айт мейрамы нағыз халықтық мерекеге ұласты. Сап түзеп, айт намазына жығылғаннан кейін жамағат мешіт ауласында Құрбан шалып, жастардың дені ұлттық ойындарға қатысты.

Айттың алғашқы күні-ақ Алла үйіне келіп, сауапты іс жасауға асыққан халық ұлттық ойындарға белсене араласты. Балалар асық ойнап, мергендіктерін сынады. Білекті жігіттер қол күрестіріп, өзара мықтыны анықтады. Қошқарды ең көп көтеріп, рекорд орнатқан адамға 40 келі еті берілді. Сондай-ақ, епті жастар бағана басына өрмелеп, сыйлыққа толы дорбаны олжалады. Сайыстарға қатысып, топ жарған жігіттер құр алақан қайтпады. Оларға мүфтият тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды. Мешіт алдында киіз үй тігіліп, дастархан жайылды.

Жандос АЯПОВ Алматы қаласының тұрғыны:

-Құрбан айт қабыл болсын! Алла Тағала барша тілек-дұғаларымызды қабыл етсін. Көңілімізден шығып жатыр, тек өзімнің жеңіліп қалғаным болмаса, жақсы спорттық шаралар ұйымдастырып жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.