{metadescription}
Мешітке барған Назарбаев халықты Құрбан айтпен құттықтады
Мешітке барған Назарбаев халықты Құрбан айтпен құттықтады

Мешітке барған Назарбаев халықты Құрбан айтпен құттықтады

Еліміз күллі  мұсылман  қауымы үшін аса маңызды мерекелердің бірі – Құрбан айтты  атап өтуде. Бүгін таң алакеуімнен мыңдаған адам мешітке барып, Құдайға құлшылық етті. Еліміздегі ең үлкен Алла үйі – Әзірет Сұлтан мешітінде Елбасы да  айт- намазын оқыды. Нұрсұлтан Назарбаев жиналған жамағатпен жүздесіп,  көпшілікке ақ тілегін айтты. 

Әзірет Сұлтан мешітінен жай күндері де адам үзілмейді, мұнда үнемі келуші көп.  Ал бүгін жиналғандардың легіне қарап, Астананың көптеген тұрғындарының таңмен таласа Алла үйіне ағылғаны байқалады. Міне, мұсылман біткен  балаларымен бірге айт намазына асығып барады.

-Құрбан айтта мешітке, айт намазына барудың өз тәртібі бар. Бұл күні мұсылман толық бой дәретін алып, үстіне бар жақсысын, жаңасын киіп, иіс су себіп, сәнденіп мешітке келеді. Және осы мейрамда  күлімдеп, көтеріңкі көңіл күйде жүру міндет. Өйткені бұл шынайы мейрам, Алла разылық еткен мереке.

Ал мешіттің ішінде ине шаншыр жер жоқ. Құдайға құлшылық етіп, жақындарының амандығын тілеуге ниеттенгендердің  алдынан  бас мүфтидің өзі шықты. Серікбай қажының алдымен Құрбан айттың қасиетін түсіндіріп,  кейін жамағат бірге  айт намазына жығылды. Ұлық мерекені Елбасы да  әдеттегідей Әзірет Сұлтан мешітінде қарсы алды. Президент мұнда құлшылығын жасап, халықты Құрбан айтпен құттықтады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан республикасының президенті:

- «Құрбан» деген сөз – жақындау деген сөз. Аллаға ақ тілегімен жақындау деген сөз. Қолынан келетін азаматтар құрбан шалып, тілегін тілеп жатыр. Бұл - Алланың көрсеткен жолы, Пайғамбардың ізі. Әрқайсыңыз елдің тыныштығын, бала-шағаның аманшылығын, болашақты  ойлап, намаз оқып, тілек  тілеген шығарсыздар. Сол тілектің барлығы елімізде орындалсын.  Құрбан мерекесі тек қана құрбан шалумен аяқталмайды. Адамның ниеті, көңілі таза болу керек Аллаға қай жерде жүрсең де. Сонда барлығы қабыл болады.

Құлшылықтан кейін Елбасы жиналған жамағатқа қарай беттеді. Қасиетті күні президентті кезіктіргендер Назарбаевты жақыннан  көріп қалуға  тырысуда. Ығы-жығы адам.  Мұны байқаған мемлекет басшысы асықпай  мешітке дұға етуге келгендерден  жағалай  жүріп амандық сұрады, азаматтарды бір-біріне жақсылық жасауға шақырды. 

-Намаздарыңыз, тілеген тілектеріңіздің, шалған құрбандарыңыз Алланың құлағына шалынып,  бәрі орындалсын. Аумин.

Құрбан айт – қазақтың дәстүрімен  үндес мереке  деді Назарбаев. Исламдағы  барлық адам бір-біріне бауыр  деген ұғымның да қазақтың басты  ұстанымына сай келетінін еске салды. Жалпы, бүгін мешітте қауышқан мұсылман қауымы  мерекелік көңіл-күйде жүр. Жамағат Құдайға мінәжат етіп болған соң, бір-бірімен көрісіп, құшақтасып, құттықтауда. Тіпті біреулер шабыт шақырып, өлең оқып жатты.

Жүрсін Жеңісхан, Астана қаласының тұрғыны:

-Жетім жылап, қарт та жоқ қарт үйінде,

Күндіз-түні көз жасы құрғамайтын.

Дәулетің асып тұрса, соларға бер,

Жақыны жоқ артында қузалайтын.

Жаз өмірің бір күні өте шығар,

Артыңа мұрсатың жоқ бір қарайтын.

Аллаһ деп шын ниетпен шалған малын

Жамағат, қабыл болсын Құрбан айтың!

Алла үйінің алдында да абыр-сабыр. Мерекеге арнайы тігілген киіз үйге ақ жаулықты аналар жүр кіріп-шығып жатыр. Мына бұрышта қыз-келіншектер қолдан жасаған бұйымдардан жәрмеңке өтуде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде