{metadescription}
Алматыда жас суретшілердің көрмесі өтті
Алматыда жас суретшілердің көрмесі өтті

Алматыда жас суретшілердің көрмесі өтті

Бүгін Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында жас суретші Оралбек Қабөкенің көрмесі өтті. «Біртұтас» деп аталған шарада қылам шеберінің қырыққа жуық туындысы көрермендер назарына ұсынылды.

Олардың басым бөлігі бұған дейін ешбір жерде жарияланбаған,  бояуы кеппеген жаңа суреттер. Көрменің өтуіне мұрындық болған Тұңғыш президент қоры.  Оралбек қор ұйымдастырған «ең үздік шығарма» байқауына қатысып, грант ұтып алды. Бұған дейін де топқа түсіп, талай мәрте республикалық, халықаралық фестивальдарде басты жүлдеге ие болған суретші осымен төртінші рет өзінің жеке көрмесін ұйымдасырып отыр. Оралбек Қабөке жақсы туынды дүниеге келуі үшін адам ең бастысы өзінің болмысын жоғалпауы керек дейді.

Оралбек Қабөке, суретші:

-Біздің ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Қоры осы менің шығармашылыға қолдау көрсетіп, маған грант бөліп берді. Соның арқасында каталог басуға осыны ұйымдастыруға маған үлкен көмек көрсетті.  Осындай жобалардың барына шексіз алғыс білдірем.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.