{metadescription}
Атыраудың бас полицейі казинодағы видеоға қатысты түсініктеме берді
Атыраудың бас полицейі казинодағы видеоға қатысты түсініктеме берді

Атыраудың бас полицейі казинодағы видеоға қатысты түсініктеме берді

Казиноға барамын деп басы дауға қалды!  Әлемеуттік желіде Атырау облыстық ішкі істер департаментінің қазіргі бастығы Аян Дүйсенбаевтың ойын столы басында жүрген сәті түсірілген бейнежазба тарап кетті. Онда белгісіз біреудің қызбалана құмар ойнап, полиция шендісінің оған қарап тұрған сәті бейнеленген.

-100 000 берші маған, 100 000 берші , бермесең бермеймін де болды.

Осы бейнежазбаға қатысты іле-шала түсінік берген Ішкі істер министрлігіндегілерге сенсек, бұл оқиға 2014 жылы орын алған. Сол кездегі Атырау облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған Аян Дүйсенбаев, достарымен Беларусь елінің астанасы Минск қаласында болыпты. Сол сапарда полицейдің досы казиноға барған. Дүйсенбаев ойынханаға сол ойынпаздың әйелінің өтініші бойынша досын райынан қайтару үшін бас сұққан дейді министрлік өкілдері.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ ресми өкілі:

-Әйелі күйеуін ойыннан бас тартқызу мақсатында Дүйсенбаевты ойын ғимаратына шақырған. Ол аталған казиноға сол себептен келген. Дүйсенбаевтың өзі ойынға қатыспаған. Оны 2014-ші жылы жүргізілген тексерулер растап отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде