{metadescription}
Теңге рубльге тәуелді емес
Теңге рубльге тәуелді емес

Теңге рубльге тәуелді емес

Бүгін Ұлттық Банк өкілдері осылай деп мәлімдеді. Алайда, Ресейге салынған санкция салдарынан рубль құлдырап, артынша төл ақшамыз күннен күнге құнын жоғалтып бара жатқанын нарық көрсетіп отыр.

Бүгін 1 доллар -361 теңге 63 тиынды құрады. Ақша айырбастау пунктерінде көк қағаз 362 теңгеден сатылып жатыр. Ресей валютасының халі мүшкіл. Яғни, Ресей ақшасының бір долларға шаққандағы бағамы 68 рубльге жетті. Еуро да қалыспай келеді. АҚШ-тан Ресейге ұлттық қауіпсіздік тұрғысында қолданылатын тауаларды шектеу санкциясы күшіне енді. Сондай-ақ, Швейцарияның ірі банкі санкцияға ілігіп кетпеу үшін Ресейдің 5 миллиард долларлық активін бұғаттады. Айта кетейік, Швейцария ауқатты ресейліктер қаржысын сақтайтын негізгі елдердің бірі.Сондай-ақ, Ақ үйдің Кремльге салған санкцияның екінші кезеңі бар. Ол қараша айында енеді деп күтілуде. Соған қарамастан, Ұлттық Банк өкілдері оптимистік пікір айтып,  қара алтынға сеніп отыр. Қазір Brent маркалы мұнай баррелі 3 пайызға қымбаттап, 75 долларды құрады. Бас банктегілердің айтуынша, қазір алпауыт елдердің де валютасы құлдырап, Америка ақшасы пайыздық мөлшерлемелерін біршама арттырған. Сондықтан теңгенің құнын жоғалтуы қалыпты құбылыс. 

Әлия МОЛДАБЕКОВА ҚР Ұлттық Банк басқарма басшысы:

-Теңгенің құлдырауына көптеген факторлар әсер етеді. Нақты Ресейге салынған санкция деп дөп басып айта алмаймыз. Себебі, рубль жыл басынан бері 18%-ға құнын жоғалтты. Ал, теңге тек 9%-ға. Айырмашылық бар. Теңгенің теңселуіне алаңдап, дүрлігудің еш қажеттілігі жоқ.  Бұл уақытша құбылыс.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.