{metadescription}
Алексей Луценко алтыннан алқа тақты
Алексей Луценко алтыннан алқа тақты

Алексей Луценко алтыннан алқа тақты

Осындай кедергілерге қарамастан велошабандоздарымыз алтын жүлдені қанжығамызға байлауда. Индонезияда өтіп жатқан 18-ші  жазғы Азиада Ойындарында Алексей Луценко жүзден жүйрік шықты.

Алексей Луценко 150 шақырымдық жеке жарыста Жапония мен Тайланд спортшыларын басып озып, қашықтықты 3 сағат 25 минут 25 секундта бағындырған. Еске сала кетейік, Қазақстанға алғашқы алтынды семсерлесуден Дмитрий Алексанин алып берген болатын. Ал, әзірге еліміздің қоржынында екі алтыннан өзге алты күміс пен он бес қола медаль бар. Жалпы медальдық есеп бойынша еліміз 12 орында тұр.

Алексей Луценко, велошабандоз:

-Осы жарысқа барымды салдым. Алтын медаль алуыма көмектескен командадағы жігіттерге , қолдау көрсеткен олимпиада комитетіне де алғыс айтамын. Ертең де жігіттер жарысқа шықпақ, сәттілік тілеймін.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.