{metadescription}
Алматыда автобус қаққан велосипедші қыз жүргізушінің жазаға тартылуын талап етіп отыр
Алматыда автобус қаққан велосипедші қыз жүргізушінің жазаға тартылуын талап етіп отыр

Алматыда автобус қаққан велосипедші қыз жүргізушінің жазаға тартылуын талап етіп отыр

Аида Естерекова өзі секілді бір топ әуесқой спортшымен таңғы жаттығу жасап жүріпті. Жолдың шетімен келе жатқан велосипедшілерді қоғамдық көлік қысып, онымен қоймай бүйірден қаққан екен. Қатты соққыдан бойжеткен жол жиегіне қарай ұшып түскен. Жалпы велошабандоздар бұл жағдайды кездейсоқтық емес деп отыр. Олардың айтуынша, велосипедшілерге өшігіп алған автобус жүргізушілері бұларға жолда үнемі қысастық көрсетіп, тіпті қол жұмсайтын да көрінеді.

Аида Естерекова үш күн бойы әрі-сәрі күйде болған. Велошабандозшы сол күні  тәңсәріде әріптестерімен  әдеттегідей жол жиегімен келе жатыпты. Алайда аялдамаға жақындай берген тұста автобус қағып, бойжеткен жолдың жиегіне қарай ұшып түскен.         

Аида Естерекова, жәбірленуші :

-Жүргізуші автобустан түсе сала, мені айыптай бастады. Айқайлап, ұрысты. Автобус жолаушылары да оған жақтасып, қоса айқайлады. Негізі жол ережесі бойынша біздің кінәміз жоқ. Ол біздерді өткізіп жіберуі керек еді. Алайда, мені қаққанына қарамастан, өзіме қарсы келді.

Ал бір тізбекте келе жатқан басқа төрт велосипедші жан-жақа шашырап құлаған. Абырой болғанда, олар жарақат алмаған. Ал автобус қаққан бойжеткеннің аяғы жараланыпты. Аида әуесқойлар арасындағы Қазақстан чемпионатына барын салып дайындалып жүрген екен. Армандаған жүлдесі енді көзден бұлбұлдай ұшты. Десе де, адам қаққанына қарамастан, автопарк басшылығы өздерін кінәліміз деп отырған жоқ. Керісінше, аялдамаға жақындаған автобусқа жол бермей қойды деп спортшыларды айтыптады.     

Бауыржан Құлышев, «Green Bus Company» ЖШС директоры: 

- Велосипедистер тоқтаптүсіпжаяу жүру керек едіал біздің автобус сигнал беріпөткізу керек едіБіздің жүргізуші жыл біздің компанияда жұмыс істейдіБір ереже бұзбаған.

Дегенмен, жүргізушісіне айыппұл салып, ескерту жасауға уәде беріп құтылды.  

-Автобус соққысынан велосипедші қыз міне мына жерге келіп құлаған. Сәл болмағанда, ол мына темірге ілініп, болмаса басы мына жатқан тасқа ұрылуы әбден мүмкін еді. Жалпы жолаушылардың қауіпсіздігі үшін мұнда ешқандай жағдайдың жасалмағаны көрініп тұр. Мұнда тіпті қоғамдық көліктерді күтетін арнайы орын да, «аялдама» деген жол белгісі де тіпті жоқ!/

Яғни, автобус жүргізушінің мұнда тоқтауға рұқсаты жоқ болуы да мүмкін. Істің ақ-қарасын полицейлер анықтайды. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

-Сот автотехникалық сараптама тағайындалды. Яғни қоғамдық көліктің қандай жылдамдықпен кетіп бара жатқаны, адамды қағып кетпеуге мүмкіндігі болды ма техникалық, болған жоқ па сондай сұрақтарға жауап береді. 

Жалпы, Алматыда автобус жүргізушілері мен велосипедшілер арасындағы текетірес жиі болып тұрады.

Жолға таласқан қоғамдық көлік жүргізушісі велосипедшіні есігімен қысып, келесі аялдамаға дейін жүріп кеткен. Мұндай жанжалдардың соңы көбіне қып-қызыл төбелеспен аяқталып жатады. Дегенмен, әзірге ол үшін жазаланған ешкім жоқ. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде