{metadescription}
Қарағанды облысында ата-аналар балаларын мектепке жіберуден бас тартып отыр
Қарағанды облысында ата-аналар балаларын мектепке жіберуден бас тартып отыр

Қарағанды облысында ата-аналар балаларын мектепке жіберуден бас тартып отыр

Ал Қарағанды облысындағы Тұзды ауылының орта мектебі жаңа оқу жылына дайын емес. Өйткені жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары кеш басталып, ғимарат қыркүйекте балаларды қабылдай алмайтын боп тұр. Сондықтан, өз мектептеріне бара алмай қалған 160 баланы көрші ауылға тасып оқыту көзделген. Бірақ жөндеу жұмыстарын кеш бастаған билікке наразы ата-аналар бөтен ауылдың мектебіне балаларын жібермейміз деп тулап отыр.

Ауылдағы мына білім ордасы 43 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Жыл басында жақсы хабарды естігенде қуанған ел, ғимараттың қазіргі жағдайына қапалы. Кеш басталғаны былай тұрсын, ондағы жұмыскерлердің қимылы қарын ашырады дейді.

Олеся Тканова, Тұзды ауылының тұрғыны:  

-Тамыздың басында келген жұмысшылар. Екі адам электр желілерін әлі жасап бітіре алмады. Бұлардың жұмысын қадағалап жүрген де ешкім жоқ. Ауыл тұрғындары боп комиссия құрып, өзіміз күнара кеп тексереміз. Ал біздің тексергенімізден не өнеді?

Қырқүйекке санаулы күн қалғанда мектептегі жұмыстардың бітпесіне елдің көзі анық жетті. Сондықтан балаларды 15 шақырым жердегі көрші ауылға тасып оқытамыз дегенге жұрт қарсылық білдіріп отыр.

 Наталья Попенкова:

- Менің балам екінші сыныпқа барады. Оны көрші ауылға жібере алмаймын, қыста жолдарымызды қар алып жатады. Алаңдамай қалай отыра алды екенмін.. Мектебіміз бола тұра, шенеуніктердің кесірінен. жетімнің күйін неге кешуіміз керек?    

Білім бөліміндегілер болса, қаражат бөлініп, есеп-қисап пен тендер өткізгенше жаздың ортасы болды деп ақталады.

Әсет Ахметов, Бұқар Жырау аудандық білім бөлімінің басшысы:

-Бұл мектептің жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттар дайындалды. Кейін оған мемлекеттік сараптама 3 ай бойы жүрді. Одан соң тендер жариялап, жеңімпазды анықтағанша уақыт өтіп кетті. Мұның бәрі бізге байналысты емес.  

Шенеуніктер балаларды көрші ауылдағы мектепке ары кетсе бір ай тасымалдаймыз дейді. Қазан айында Тұзды мектебіне оқушыларды қабылдайтынын айтады. Бірақ мердігер компания бұл мерзімге күдікпен қарап отыр. Өйткені жұмыстың кеш басталғаны өз алдына, жобалау кезінде кеткен кемшіліктер тағы бар екен. Құжаттардың олқы тұстарын түзеу де уақыт алады. Бұл өз кезегінде жұмыс қарқынына әсер етпей қоймайтыны анық.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде