{metadescription}
Қазақстандық делегация Қытай тарапымен келісімге келді
Қазақстандық делегация Қытай тарапымен келісімге келді

Қазақстандық делегация Қытай тарапымен келісімге келді

Тоң жібіді. Аспан асты елінің партиялық билігі сол жақтағы қандастарымыздың мәселелерін шешуге уәде берген. Қоғам белсенділерінен құралған қазақстандық делегация Қытай тарапымен кездесіп, күрмеуі қиын тақырыпты ашық талқылап, келісімге келді.

Осыған дейін Шыңжаң аймағындағы этникалық қазақтардың түйткілі талай рет айтылды. Жазықсыз түрмеге қамалған, себеп-салдарсыз құжаттарынан айырылғандардың атамекеніне қайта алмай жүргендердің жайы қоғамда қызу талқыға түсті. Қоңсы жатқан қос елдің өкілдерінің басы қосылған кеңесте Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында «Қазақ үйін» ашу ұсынылды. Ұсыныс қолдау тапса, Қазақстан азаматтығын алудың жайы жеңілдейді. Өз кезегінде барлық базынаны тыңдаған Қытайдың коммунистік партиясы, Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық істер комитетінің өкілдері мәселені одан әрі ушықтырмай шешуге уәде берген.

Омарәлі Әділбек, «Жебеу» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

  • Осы мәселелерді қамтыған жеті талап қойдық. Оған сол кезде екі министрліктің басшылары бұл мәселелердің шет жағын білетіндігін, енді Қытайда терроризмге қарсы күреске байланысты тәртіптің күшейгендігін, сонымен жергілікті жерлерде көптеген солшылдықтардың бет алғанын атап өтті. Былтырдан, өткенде елбасы барып кеткеннен, оның алдында Сыртқы министрлігі барғаннан кейін ол жайында айтылды. Бұл соның нәтижесі деп ойлаймын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде