{metadescription}
Астанада құрттаған қарбыз сатып жүргендер анықталды
Астанада құрттаған қарбыз сатып жүргендер анықталды

Астанада құрттаған қарбыз сатып жүргендер анықталды

Астанада құрттаған қарбыз сатып жүргендер анықталды.  Инспекторлар Елордадағы ең ірі сауда орталығын тексеріп, ішіне қауын шыбыны түскен адам жеуге жарамсыз қарбыздарды тапқан.    

Ішінде құрты бар қарбыздың сыртында белгісі болады екен. Қабығынан қоңыр-қызыл дақ көрсеңіз, оған қауын шыбыны ұя салған деген сөз.  Жеуге жарамсыз дақыл Астанаға Жамбыл облысынан әкелінген. Жалпы салмағы он тонна. Инспекторлар  оның 150 келісің, яғни 25-30 дана  қарбыздың үстіне  су құйып, топырақ үйіп тастады. Қауіпті қарбызға қарағанда оны көмуге келген мамандар көп. Ал шыбын түскен дақылды сатқан кәсіпкерге 48 мың теңге айыппұл салынды.

Айта кету керек, құрттаған өнім адам денсаулығана аса зиян болмағанымен, шірігін жеу мүмкін емес. Яғни ақшаңыз бекер кетті деген сөз. Қауын шыбыны өзге де дақылдарға , әсіресе қиярға жұғады.  Сондықтан оны  жәй ғана қоқысқа тастай салуға да болмайды. Жерге көмген абзал.   

Сымбат Қалиасқаров, Өсімдіктер карантині мемлекеттік инспекциясының Астана қаласы бойынша аумақтық инспекция басшысының орынбасары:

  • Қала қонақтары мен тұрғындары базарда сауда орындарында алған кезде міндетті түрде қарбыздың сыртына көңіл аудару керек. Қауын шыбыны түскен дақылдарда қызыл-қоңыр бөлінділер пайда болады. Осыны көргенде міндетті түрде сол жерде бекітілген мемлекеттік карантин жөніндегі инспекторларға  хабарласыңыз. Адамға зияны жоқ. Алайда өздеріңіз көргендей, жеуге келмейді, бүлдіріп жібереді.

Кеше

15 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде