{metadescription}
Қайықпен жүзгені үшін  айыппұл төледі
Қайықпен жүзгені үшін  айыппұл төледі

Қайықпен жүзгені үшін айыппұл төледі

Қайықпен жүзгендері үшін  айыпты. Астаналық полицейлер   жаңбырдан кейін көл болған көшеде резеңке қайықпен жүзген екі азаматтың қылығын  бұзақылық  деп отыр.  

Софья Қылышбекова, Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

  • Ең бастысы - өздерінің өміріне қатер төндірген. Сонымен қатар, олар басқа да жол жүру қатысушыларының өміріне және денсаулығына қауіп төндірген.  Енді әрекеттерін балалық санап отыр .

Полицйелердің  қайық мінгендерге таққан мінді Астана соты да қолдады. Сөйтіп  олардың әрқайсына 12 мың теңгеден  айыппұл салды.

Екі жігіт Бауыржан Момышұлы даңғылына жиналып қалған топан суда резеңке қайықпен жүзген.  Оны тұрғындар ұялы телефонға түсіріп алып, әлеуметтік желілерде таратқан. Жаңбырдан кейін суы көлкіген көшелердің кесірі  астаналық автобус жүргізушіге  де тиген еді. Жолда жиналған су адам толы қоғамдық көліктің  ішіне де лап қойған болатын. Сол үшін жүргізуші жұмыссыз қалды.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.