{metadescription}
Азиада-2018: Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты
Азиада-2018: Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты

Азиада-2018: Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты

Жанар Низамутдинова

Велошабандоз Алексей Луценко Индонезиядағы жазғы Азиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынын тағы бір алтын медальмен толықтырды.

Ол күні кеше ғана 150 шақырымдық топтық жарыста алтыннан алқа таққан еді. Осылайша Алексей Луценко жеке жарыста Азиада ойындарының үш дүркін чемпионы атанды. Ал күміс жүлде Өзбекстан спортшысы Мұраджан Халмұратовқа, қола жапондық Фумиюки Беппуге бұйырды.

Айта кетейік, Қазақстан қазір жалпыкомандалық есепте отыз медальмен  он бірінші орында келе жатыр.

Алексей Луценко, велошабандоз:

  • Еліміздің құрамасын веложарыс бойынша екінші алтын медалімен құттықтаймын! Бүгін де бар күш-жігерімізді аямадық. Азиада ойындарына енді қатысатын барлық атлеттерімізге сәттілік тілеймін!
ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде