{metadescription}
Алматыда екі қабатты ескі үйлердің тұрғындары басқа үйге көшіруді талап етуде
Алматыда екі қабатты ескі үйлердің тұрғындары басқа үйге көшіруді талап етуде

Алматыда екі қабатты ескі үйлердің тұрғындары басқа үйге көшіруді талап етуде

Алматыда екі қабатты ескі үйлердің тұрғындары өзге баспанаға көшіруді талап етіп отыр. «Коммуналдық қызметтен жұрдай, құлағалы тұрған үйде көмір тасып күл шығарудан шаршадық», - дейді олар. Ғимарат «2015 -2020 жылдарға арналған Алматы қаласындағы ескі үйлерді сүру жөніндегі» бағдарламаға енген. Алайда атқамінерлер жаңа үй салатын инвестор табылмайынша, бұл мәселе шешілмейтінін ашық айтуда.  

Мамытхан атай жертөлесін күн сайын ашып, тексеріп тұрады. Өйткені жерасты сулары көтерілсе, үйдің ішін сыз басып кетеді.  Көк иіс өкпені қабатындықтан қария жыл сайын пәтерін жөндеп әлек. 

Мамытхан Тәңірберген, Алматы қаласының тұрғыны:

  •  Иіс шығады, мүмкін емес. Мал қора артық мына жерден. Су жылда толады, мына жерге адам тұра алмайды. Дем алу  мүмкін емес. Мал қорада адам қалай тұрады?

Қаланың орталығында орналасқан 10 пәтерлік бұл екі үй осыдан 60 жыл бұрын жақын маңдағы зауыт жұмысшыларына арналып салынған екен.  Сол кезде-ақ инфрақұрылымы болмаған үйде енді олардың немерелері әлі күнге дейін  екінші қабатқа отын көмір тасып, күл шығарып жүр. Су мен кәріз жүйесін өткен жылдары өздері өткізіп алыпты. Ең қауіптісі, магистральдық газ жүйесінің жоқтығы дейді тұрғындар.

Мына жерде үйдің екінші подьезі болған екен. 90 жылдары газ баллоны жарылып,үйдің жартысы үйіндіге айналған. Сол жолы екі сәби тірідей жанып кетіпті. Осы уақытқа дейін газ баллон таситын тұрғындар сол оқиғаның қайталануынан қорқады.

Бұл екі баспана «2015-2020  жылдарға арналған  Алматы қаласындағы ескі үйлерді сүру бағдарламасына» енгізілген. Алайда  айналасы екі жылда аяқталатын бұл жобаның шарапаты тұрғындарға тие қоятынына халық түгілі, шенеуніктердің өздері де күмәнмен қарайды.

Ерден Тоқтасынұлы, Алатау аудандық әкімдігі жергілікті өзін-өзі басқару  комитетінің төрағасы:

- Инвестор болғанда басталады. Ескі үй. Өткенде архитектордан сұрағанбыз, солай деп айтқан, инвестор болса, бағдарлама басталады деген.

- Инвесторды қанша күту керек?

- Білмеймін.

- Тұрғындар не істейді?

- Тұрғындар күтетін шығар

Атқамінерлердің айтуынша, тұрғындардың инвестор күтуден өзге амалы жоқ. Алдағы  екі жылда табылмаса, бағдарлама мерзімі аяқталып, тұрғындардың одан арғы тағдыры не болары белгісіз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде