{metadescription}
КТК арнасы көптеген отбасының сақталып қалуына үлесін қосқан телехикаяны ұсынады
КТК арнасы көптеген отбасының сақталып қалуына үлесін қосқан телехикаяны ұсынады

КТК арнасы көптеген отбасының сақталып қалуына үлесін қосқан телехикаяны ұсынады

КТК арнасында тұсаукесер! Қыркүйек айынан бастап жаңа телехикаяның көрсетілімі басталады. «Сағыныш» - бір әйелдің кесірінен ойрандалған бүтін бір отбасының тағдыры жайлы өзбек сериалы. Әдемі өмірге қызыққан келіншек күйеуі мен бала-шағасынан шынымен де бас тартады ма? Өзбекстанда талай көрерменнің жүрегін жаулап қана қоймай, көптеген отбасының сақталып қалуына өз үлесін қосқан атышулы туынды тек біздің арнада!

Нозима - бір үйдің аяулы келіні. Оны қызындай жақын тартқан енесі мектепте мұғалім болып жұмыс істеуіне рұқсатын береді. Ал үй шаруасын енесінің өзі істеп жүреді. Бірақ келін боп түскен үйі оның астына қанша көпшік төсесе де, жас келінге еш нәрсе жақпайды. Ауылдағы жұмысы да ұнамай, бәрін тастап, шетелге кетуді ойлайды.

  • Жомарт екенсіз! Елдің бәрі сіз сияқты болса ғой! Екі мың сом үшін жағаласып, таласады.  Жинағаның кебініңе бұйырсын!

Шалқыған өмірді армандаған әйел отбасында кикілжің шығара бастайды. Тырнақ астынан кір іздеп, күйеуімен ұрысудың амалын жасайды.

  • Қаншама жыл бойы тірнектеп жинаған ақшама қарындасына жүзік сатып алыпты, бұйырмасын оған! Ұялмастан, «Нози, кел, сен де көр» дейді ғой маған!

Іздегенге - сұраған. Нозима қайын сіңілісінің үйлену тойында жас жігітпен танысады. Әйелдің сұлулығына Хамдамның да көңілі ауып, қалайда отбасылы әйелді қақпанына түсіруді ойлайды.

  • Көресіңдер әлі, әрі кетсе бір айда сол қыз менікі болады!

Сұмдық жайттарға толы сериал ақыл тоқтатқан, көбіне отбасылы адамдарға қызық болар. Режиссер «әйелдерді адастыратын не?»  деген сұраққа жауап табуды көздейді. Қазіргі шынайы өмірдегі ерлі-зайыптылар арасындағы небір қиындықтарды көрсетуге тырысқан. Туынды бастан-аяқ қазақ тіліне аударылып, орысша субтитрмен жүреді. Ана тілімізге арнайы тәржімаланған тамаша тұсаукесер жаңа маусымнан бастап КТК арнасында.

Қыркүйек айының 3-інен бастап дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 19-30-да «Сағыныш» сериалын жіберіп алмаңыз.    

 

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.