{metadescription}
Денис Тенге деген сағыныш әлі басылған жоқ
Денис Тенге деген сағыныш әлі басылған жоқ

Денис Тенге деген сағыныш әлі басылған жоқ

Спортшының мезгілсіз қазасына жабылып қайғырған жұрттың көңілі әлі де жұбаныш таппай жүр. Бұл әйгілі конькишінінің құрметіне деп ұйымдастырылған сурет көрмесі кезінде білініп қалды.

Күллі елдің есін шығарған оқиғадан кейінгі бұл ұйымдастырылып жатқан бірінші еске алу шарасы. Көрме залының қабырғасына қыршыннан қиылған спортшының суреттері ғана емес, ол түскен видеолар да ілінген. Келгендердің көңілін босатқан да осы болып отыр. Денис Теннің күлкісін көріп, даусын естіген үлкен де, кіші де жасына ерік берді. «Денис Теннің әлемі» деп аталған көрмені марқұмның жақын достары спортшының отбасымен бірігіп ұйымдастырды. Сондықтан бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған суреттерін кездестіруге болады. Әсіресе, конькишінің үлкен жарыстардан кейінгі жанкүйерлерімен қауышқан сәттері әсерлі. Сонымен бірге, Денис Теннің өз туындылары да бар. Сөйтсе, спортшы пейзаж бен портрет түсіруді ұнатқан екен. Көремін деушілерге көрменің есігі ашық. Еске алу шарасы қыркүйекке дейін жалғасады.

Гауһар Омар, Денис Теннің досы:

-Денис ұмытылмаса екен дейміз. Сондықтан, оның тек спортшы ретінде ғана емес, басқа да таланттарын жалпақ жұртқа көрсетуді жөн санадық. Денис суретке түсіруді жанындай жақсы көретін. Кәсіби фотографтардан кем емес. Әрине, көрмені ұйымдастырмас бұрын ата-анасынан рұқсат алдық. Олар да Денистің өнерін көрсетуді құптап отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.