{metadescription}
Жамбыл облысында адамдарды тақырға отырғызған дөкей жазадан оңай сытылып кетуі мүмкін
Жамбыл облысында адамдарды тақырға отырғызған дөкей жазадан оңай сытылып кетуі мүмкін

Жамбыл облысында адамдарды тақырға отырғызған дөкей жазадан оңай сытылып кетуі мүмкін

Жамбыл облысы Меркі ауданындағы жер дауы әлі басылатын емес. Ел-жұрт өздерін тақырға отырғызып, бүтін бір кооперативті талан-таражға салған бұрынғы басшы жазадан құтылып кете ме деп алаңдаулы. Айтуларынша, алаяқтық бабы бойынша айыпталып, уақытша қамауға алынған төрағаның бостандыққа шығу қауіпі бар екен. Егер расымен солай болса Бақыт Адамсапиев арыз жазғандарға тықыр таянды дейді наразы топ.

Қырық-кісі мен қыңыр кісі арасында дау туындағанына осымен 5 жылға жуықтады. Жұрттың айтуынша, елдің сеніміне кіріп «Ақарал» өндірістік кооперативіне басшы болып алған Бақыт Адамсапиев мұндағы дүние –мүлік пен жер телімдерін «Қазагро» қаржылық ұйымына кепілге қойып, қыруар қаржыны өзі иемденген. Бұл құйтырқылығы үшін ел наразылық білдіріп, үстінен арыз түсіріп, ақыры төраға жуырда уақытша қамауға алынған. Ал енді сол Адамсапиев босандыққа шығады дегенді естіген елден маза қашты.    

Асқар Омаров, «Ақарал» өндірістік кооперативінің мүшесі:

-Бостандыққа шықса, үйме үй аралап, 50 мың беремін, 100 мың беремін, түсініктемелеріңізді өзгертіңіздер деп келіп жүр.  Жанына екі-үш адамды ілестіріп алады. Содан біз қауіптенеміз.

Алаяқтық бабы бойынша қамауға алынған күдікті қылмыстық іс аяқталғанша тергеу қапасында жатуы керек дейді тұрғындар. Ол еркіндікке шықса, тергеуге кедергі келтіреі деген күдік бар. Тіпті қашып кетуі де мүмкін екен. Сондықтан жұрт судьядан оның «үй қамағына жіберу» жөніндегі өтінішін қанағаттандырмауды талап етеді.

Жақан Базилов, «Ақарал» өндірістік кооперативінің мүшесі:

-Бұның тұрақты мекенжайы жоқ. Таза  алаяқ. Әр қалада үйі бар, қай жерде тұрып, қайда жүргенін ешкім білмеді. Сондықтан мұны кепіл ақымен жіберсе оны таппай қалуымыз мүмкін.

Наразы топтың сөзінше, Бақыт Адамсапиев кооперативке тиесілі кірпіш пен шарап зауыты, гараж, әкімшілік ғимараты сынды нысандар мен 450 гектарға жуық жер телімін кепілге тігіп 69 млн. теңге несие алған. Ұзақ жылдан бері оның үстеме пайызы өсіп қарыз 109 млн. теңгеге жеткен. «ҚазАгро» қаржы ұйымына сан жылдан бері көк тиын төленбегендіктен енді кооператив мүшелеріне жер мен мүліктен тегіс айырылу қауіпі бар.

Азат Шәріпов, «Ақарал» өндірістік кооперативінің төрағасы:

-Қазір Адамсапиевке қатысты 30 іс бар. Бір адамға әлі бір тиын қайтармаған. Сондықтан бұны азаматтық іспен емес қылмыстық іспен қарап жабу керек. Сонда ғана нәтиже болады. 

Бақыт Адамспиев қолды болған қаржының жарымын кезінде өзінің орынбасары болған осы Азат Шәріпов есепші әпкесі екеуі қалтаға басты деп айыптаған. Бірақ оның қылмысы дәледенбеген. Ал облыстық сот төрағасының қабылдауында болған көпшілік көңілді шықты. Себебі судья күдіктіні үй қамағына шығаруға жол берілмейді деп кесіп айтыпты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде