{metadescription}
​Қазақстан азаматы Парижден 65 миллион еуроға алған пәтерін сатуға шығарды
​Қазақстан азаматы Парижден 65 миллион еуроға алған пәтерін сатуға шығарды

​Қазақстан азаматы Парижден 65 миллион еуроға алған пәтерін сатуға шығарды

Отандасымыз бағалы баспанасының құнын екі есеге көтеріп, 125 миллионға сатпақ.  

Жерлесімізге тиесілі қымбат пәтерді сатумен айналысып жүрген агенттің айтуынша, баспана үй иесінің әйеліне ұнамай қалыпты. Бұл пәтердің бағасы өте жоғары болғандықтан, оны өткізу де  оңай емес деп отыр мамандар. Арнайы жарнама қажет екен. Онсыз үй ұзақ уақыт сатылмай тұрып қалуы мүмкін. Бұл пәтердің Қазақстан азаматына тиесілі екенін еліміздің Мемлекеттік кіріс комитеті  де растаған. Бірақ қожайынның аты-жөнін жарияламаған. Бір анығы – ол шенеунік емес, қалталы бизнесмен екен. Франция астанасындағы элиталық пәтер сол олигархқа тиесілі компанияның атына жазылыпты. Заңды түрде сатып алынған, салығы төленген.

Игас Мювисен, жылжымайтын мүлік бойынша агент:

-Пәтер иесінің әйеліне элиталық үй ұнамай қалыпты. Сондықтан олар сатамыз деп шешім қабылдаған. Қазір мен осындай қымбат баспаналарды  өткізудің  тиімді жолдары  туралы кітап жазып жатырмын. Сол әдістерді қолданамын.

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.