{metadescription}
​Алматы әуежайындағы аспандаған ас-судың бағасы реттелмекші
​Алматы әуежайындағы аспандаған ас-судың бағасы реттелмекші

​Алматы әуежайындағы аспандаған ас-судың бағасы реттелмекші

Стратегиялық нысанның су жаңа президенті Болат Ержанов сынға көп ілігетін дәмханалардағы бағадан өзі де шошып кетсе болар, қызметіне кірісе сала ісі солардың ас-мәзірімен болғандай. Кофеханаларды тезге түсіретін жол табылғанымен, ұшақтарға қауіп төндіріп тұрған құстармен күресу үшін әкімдіктен көмек сұрауға мәжбүр.

Бір шыныаяқ кофе  350 теңге, круасан  200 теңге. Бұл әуежайдың ішінен жаңа ашылған кофеханадағы ас-мәзірі . Ойына келген баға қоятын кәсіпкерлермен күресудің басқа амалаын таппаған әуежай президенті  Болат Ержанов оларға бәсекелес болатын осындай дәмханалар ашыпты. Әйтпесе тіске басарларының бағасын аспандатып қойған жекеменшік асхана иелерінің аранын ауыздықтайтын жалғыз жолы осы дейді. 

Болат ЕРЖАНОВ «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті 

-Әуежайда 2017 жылы ас-судың қымбат бағасына қатысты көп сын айтылды. Сондықтан кешен ішіндегі сауда-саттықты бір жолға қою үшін жаңа кофеханалар  аштық. Баға қолжетімді. Жолаушылар енді осы жерге ағылады. Сосын басқа кәсіпкерлер амалсыздан бағаны арзандатуға мәжбүр болады.

Ал ұшақтарға қауіп төндіретін құстармен күресуге дәрменсіз екен. Қанаттылардан қорғанудың түрлі тәсілі зая кететін көрінеді. Сондықтан олар әуежай маңындағы шару қожалықтарын құрту үшін биліктен көмек сұрады.

Александр ГОРДЕЕВ «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ вице-президенті:

-Бұл мәселе ұзақ уақыттан бері шешімін таппай келеді. Био аккустикалық құрылғы, лазерлік тапанша қолданамыз.Бірақ пайдасы жоқ. Бәрібір жылына құстар кем дегенде 8-9 ұшақтың қозғалтқышына кіріп кету дерегі тіркеледі. Жергілікті әкімдіктен көмек сұраймыз.

Өткен жылы 5 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсеткен әуежай саннан сапаға көшеміз дейді. Ұзын-сонар кезек туындамас үшін өткізу терминалдарын ұлғайту да жоспарланған. Әсіресе жазғы және қысқы демалыс уақтында  келіп-кетушілердің көптігінен терминал лық толып, тіркеуден өту үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде