{metadescription}
Алматыда қарызын алуға кетіп қайтып оралмаған жігіттің өлі денесі табылды
Алматыда қарызын алуға кетіп қайтып оралмаған жігіттің өлі денесі табылды

Алматыда қарызын алуға кетіп қайтып оралмаған жігіттің өлі денесі табылды

Алматылық жігіттің жантүршігерлік өлімі бойынша 4  бірдей күдікті ұсталды. Қарызын алуға кетіп, қайтып оралмаған Зинур Хамитовке туыстары іздеу салған болатын. Алайда, жоғалған жігіттің көп ұзамай мәйіті табылды. Сөйтсе, қаскөйлер оның екі көзін ағызып, адам танымастай етіп ұрып тастаған екен. Ал денесін қала сыртындағы саяжайлардың бірінде лақтырып кеткен.

24 жастағы ұлынан көз жазып қалған ана күні кешеге дейін оның тірі екеніне сеніп, аман-есен оралар деп үміттенген. Алайда, қалада жоғалған жігіттің мәйіті айдалада табылды. Сөйтсе, Зинурді өлтіргендер денесін Талғардағы саяжайға апарып тастапты.

Альфия Хамитова, марқұмның анасы:

-Ұлымды есінен таңғанша ұрыпты. Өзі сондай жуас еді. Қалай ғана қолдары барды өлтіруге? Ақшасын алып жібере салса болмады ма...

Ал қаскөйлердің қатігездігі жаға ұстатады. Жақындарының айтуынша, жігіттің екі көзін ағызып, жағын сындырып, тістерін түгін қалдырмай қағып алыпты. Туыстары мәйітін әзер таныған. Марқұмның ағасы інісінің ажалы ақшадан болғанына сенімді. Айтуынша, жоғалар күннің алдында Зинур танысына қарызға берген жүз мың теңгесін аламын деп үйінен шығып кеткен.

Рүстем Хамитов, марқұмның туыс ағасы:

-Інімнің қолы ашық еді. Сұрағанның бетін қайтармайтын. Ақша қарызға беретін. Сол танысына 100 мың теңге берген. Сол ақша үшін өлтірді деп ойлаймын. Әйтпесе, ешкімді ренжітпеген.Ұрыспаған. Жұмысына барып, келіп жүрген бала еді. Жақында үйленемін, көлік аламын деп жоспарлап жүр еді.

Ал қарыз ақшаны ол өз әріптесіне берген. Су таситын компания жүргізушісінің бұл қылмысқа қатысы бар-жоғы белгісіз. Дегенмен, полиция ізін суытпай бір емес, төрт бірдей күдіктіні ұстады. Оның бірі, марқұмның өз танысы.   

Серік Үпиев, Алматы облысы ІІД ресми өкілі:

-20-25 жас аралығындағы төрт тұлға аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды.Аталған тұлғалар қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды.

24 жастағы жігітті қинап өлтіргендердің төртеуі де алматылық. Күдіктілер кінәсін мойындаған көрінеді. Қазір жабылып кісі өлтіру бабы бойынша тергеу басталып кетті. Дегенмен, марқұмның туыстары асқан қатігездігі үшін оларға ең ауыр жаза талап етіп отыр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде