{metadescription}
Астанада мектепсіз қалған оқушылардың ата-аналары үлкен шу шығарды
Астанада мектепсіз қалған оқушылардың ата-аналары үлкен шу шығарды

Астанада мектепсіз қалған оқушылардың ата-аналары үлкен шу шығарды

"Қаңғудан шаршадық!"Астанада мың жарымға тарта оқушы өз мектептеріне баруды талап етті. Бірақ білім ордасы апатты деп танылып жөндеуге жабылған. Онысы тез  аяқталады деп сендірген шенеуніктердің уәдесі  сиырқұйымшақтанып жеткіншектер тағы далада қалғалы тұр. Осыған ашуланған бір топ ата-ана бүгін білім ошағына барып  ұлы айғайға басты.

-Жаңа мектеп берсін!

Бұл ата-аналар ұл-қызын 1-ші қыркүйекке әзірлеудің орнына әлі қай мектепке баратындарын білмей жүр. Өйткені жөндеуі былтыр бітуі тиіс  білім ошағы биыл да есігін ашпайтынын естігенде абдырап қалған.

Гүлмира Ақжолова, оқушының анасы:

-Тағы да  3 мектепке бөлініп оқитындай  шама жоқ. Мектепке апарар жол  ұзақ.  Сондықтан 1500 бала қазір қаңғып жүр. Әр мектептің табалдырығын тоздырудан шаршады. Үйге кешкі 8-де адасып бір-ақ келеді. Ертең бір пәлеге ұшыраса кім жауап береді?

Көгершіндер ұя салып тастаған  №8 -ші мектеп бұл сұраққа нақты жауап бере алмайды. Ал  іштегі көрініс шынымен де  кісі шошырлық. Құлағалы тұрған қабырғалар ағашпен тіреліпті. Төбеден су сорғалап сылақтары құлап жатыр.  Жөндеудің өзі аяқсыз қалған. Қаңыраған парта мен шашылған күл-қоқыстың ортасында директордың хатшысы мен мейірбикеден басқа тірі жан жоқ.

-Қайда Рухани жаңғыруымыз? Оқу министрі қайда қарап отыр? Депутаттар қайда қарап отыр? Қазақтың болашағы қайда?

Мың жарым оқушысымен бірге ұстаздары да қаңғырып жүр.  Ашулы ата-аналарға басу айтуға келген  шенеунік  балаларды көршілес екі мектепке бөліп қойғандарын айтты. Тіпті автобуспен қамтамасыз етпек. Бұған наразы топ сенбеді. Себебі былтыр қатынауға берілген көлік кейін зым-зия жоғалған.Ал апатты деп танылып жөндеуге жабылған  білім ордасының дауы әзір шешіле қоймайтын секілді. 

Дулат Жекебаев, қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары:

-Нақты шешім қазір айта алмаймын. Бірінші құрылыс жобалау сметасы жасалуы керек. Ол экспертизадан өтуі керек. Экспертиза не дейтінін  айтатынын әзірге білмейміз. Бүгінгі таңда  ата-аналар баласын қай мектепке апарам десе өзі біледі. Барлық мектеп есігін айқара ашады.

 - "Прописка" сұрап  деп қабылдамайды ғой. Не айтып тұрсыз?

Алайда атқамінер сөзінде табандап тұрып алды. Айтуынша,Астана мектептеріне  бала саны бойынша бюджеттен ақша бөлінетіндіктен білім ордалары  оқушыларды құшақ жая қарсы алып жатыр. Тіпті тұрғылықты мекен жайы бойынша анықтама сұрауға Білім министрінің арнайы бұйрығымен тыйым салынғанын айтып сендірді.  Бұған да күдікпен қараған ата-аналар өздерін  тағы допша домалататын  болса, ұл-қызын сабаққа жіберуден  мүлдем бас тартқалы отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

19 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.