{metadescription}
Алматыда жатақханаға орналасудың соңы үлкен жанжалға ұласты
Алматыда жатақханаға орналасудың соңы үлкен жанжалға ұласты

Алматыда жатақханаға орналасудың соңы үлкен жанжалға ұласты

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенттері бөлмелерге жайғаспас бұрын тәртіп бойынша алдымен медициналық тексеруден өтуі керек. Алайда екі күн бойы жүктерін көтеріп ұзын-сонар кезекте тұрғандар дәрігерлердің сылбыр қимылдайтынын айтып шағымдануда.

Бүгін  оқу орнының алдына жиналғандардың қарасы әдеттегіден көп. Кейбіреулері киім-кешек толы сөмкелерін арқалап бос бөлме таппай жүрсе, енді бірі медициналық тексеруден өту үшін кезекте тұр. Ата-аналары биыл жатақханасыз қалып, пәтер жалдап қаламыз ба деп қорқады.

-Жыл сайын жөндеуден өтетін аталмыш жатаxанада 3000-ға жуық орын бар. Алайда мұнда орналасу студенттер үшін жырға айналған. 2-3 күндеп кезекте тұрған олар бүгін тағы қайда түнейтінімізді білмейміз дейді. Ата-аналары да уайымдап отыр.

- Пойыздан түсіп келгендер бар таңертең, олардың өздері жылап отыр.Талып жатқан қыздар бар.  Біздің шағымымызға көңіл бөліп жатқан ешкім жоқ. 

Наталья Данаева, студент:

-Медициналық тексеруден өту тіпті қиындап кетті. Іштегілер айқайлап, қолымыздағы құжатымызды жұлып алып, қалай болса солай қарайды. Және өте баяу жұмыс істейді.

Іштегілер дегені ол мына медициналық тексеру бөліміндегі қызметкерлер. Алайда мұндағылардың жасыратыны көп болса керек, бізге ішке кіру оңайға соқпады. Тек бұлардың айтуынша, қыздар мұнда бір-бірлеп кіріп, қабылдау кемі 20 минут өтуі тиіс екен.

Аманжол Жүсіп:

-Күнде   100 адамға дейін  кіре алмай кетеміз. Бір мұғалім келді, адам басына екі жарым мың теңгеден бересіңдер дейді. Ақшам жоқ деп мен кетіп қалдым

Ата-аналар мұндағы бассыздықты айтып, ректоратқа талай кірмек болған. Бірақ олар еңбек демалысындамыз немесе түскі үзілістеміз деп құтылатын көрінеді. Сырттағы жағдайға немқұрайлы қарағандар бүгін тілшілерді көре сала кабинеттерінен шығып, мән-жайды біртіндеп қадағалай бастады.

Ерік Қалданов,ҚазМҚПУ Ғимараттарды пайдалану және қызмет көрсету бөлімінің басшысы:

-Бір-екі күннің ішінде жатқызамыз қыздарды. Жалпы 1 курс пен 4 курсқа дейін орын бәріне бар.

70 жылдан астам тарихы бар университетте оқу бірінші қыркүйекте басталады. Ата-аналар қыздарымызды оған дейін жатақханаға орналастырмасақ құзырлы орындарға шағымданамыз деп отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде