{metadescription}
Жұмыссыздарды оқыту үшін  бюджеттен 110 миллиард бөлінді
Жұмыссыздарды оқыту үшін  бюджеттен 110 миллиард бөлінді

Жұмыссыздарды оқыту үшін бюджеттен 110 миллиард бөлінді

Еш жерде есепте жоқ! Елімізде 1 миллионнан астам адам мемлекеттік базаларда мүлдем  тіркелмеген болып шықты.  Яғни олардың қалай  және  қайда еңбек етіп жүргені  беймәлім.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік дерекқорларда статусы болмаған 2 миллион 700 мың адамнан бүгінгі күні 1 миллион 385 мың адамның статусы нақтыланды.  Дерекқорларда  статусы жоқ халық саны 1 миллион 322 азаматты құрайды.

Еңбегін  тіркемегендер, әсіресе, бес аймақта: Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласында  көп. Ал жалпы өзін өзі жұмыспен қамтып жүрген адамдардың басым бөлігі оңтүстікте екен. Олар құрылыс, саудамен айналысады. Бірақ мемлекетке бір тиын да салық төлемейді. Президент  мұндай адамдардың санын анықтауды тапсырған болатын. Өзін өзі жұмыспен қамтып жүргендер нақтыланбайынша міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жүзеге аспайды. Сондай-ақ, бүгін Үкіметте халықты жұмыспен  қамту бағдарламасы да сөз болды.  Жұмыссыз жүргендерді оқыту үшін  бюджеттен 110 миллиард теңге бөлінген. Биыл 30 мың адам қысқа мерзімді курстарды  тәмамдаған. Ал әкімдер қалалардағы жұмыссыздардың өздерін кінәлап отыр. Екі қолға бір күрек таба алмай жүргендер жоғары жалақы сұрап, шақырған жерге барғысы келмейді екен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде