{metadescription}
Семейде ерекше археологиялық қазына  табылды
Семейде ерекше археологиялық қазына  табылды

Семейде ерекше археологиялық қазына табылды

Семейден 20 шақырым жердегі Мұқыр ауылының маңынан ежелгі салт атты аңшының сүйегі табылды. Жергілікті өлкетанушылар оның біздің  заманымызға дейін бірнеше ғасыр бұрын өмір сүргенін алға тартуда. Оған дәлел, астындағы ат әбзелдерінің өзі қоладан жасалған екен.

Қазіргі уақытта, өлкетанушылар оған «Мұқыр аңшысы» деген атау беріп отыр. Айтуларынша ол аңшылық кезінде жардан құлап көзжұмған екен. Әйтсе де, бұл әзірге болжам ғана. Өйткені, тарихшылардың кейбірі жоңғар шапқыншылығында қазап тапқан жауынгер болуы да мүмкін дейді. Себебі, бойы 1 метр 75 сантиметр болатын ер адам арулап жерленбеген. Сондықтан олар тиянақты зерттеуді қажет ететінін алға тартуда. Енді, мамандар табылған мүрдені нақты кім екенін анықтауға Алматыдағы Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық иниституттан көмек сұраған.  Егер, қажетті қаражат бөлінген жағдайда келесі жылы толық қазба жұмыстары жүргізілмек.

Амантай Исин, Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры:

-Бұл  Ғұн, Сармат, Түркі не Моғол заманынан кейінгі адам болуы мүмкін. Тіпті, қазақ-жоңғар заманында жоққа шығармайды. Өйткені, бұл жақта қоныстарға байланысты талай қақтығыс болған. Өлгені бір болжам. Суға құлаған деген сияқты. Басқада болуы ғажап емес. Қарсыласының садағының оғынан, өліп жардан құлауы мүмкін.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде