{metadescription}
​Кино сүйер қауымға жағымды жаңалық
​Кино сүйер қауымға жағымды жаңалық

​Кино сүйер қауымға жағымды жаңалық

Бүгін Алматыда халықаралық «Almaty Film Festival» киношарасының дайындығы пысықталды. Қыркүйектің 15-сі мен 19-ы аралығында қала күніне орай кинобайқау өтеді. Алғаш рет өткізілетін фестивальдің ашылу салтанатына отандық және әлемдік киноиндустрия жұлдыздары қатыспақшы.

Соның ішінде америкалық  «Арыстан Патша» мультфильмінің режиссері Роберт Минкофф пен «Суперменнің» продюсері Пьер Спенглер  шақырылыпты. Ал аталмыш байқауға алыс-жақын шетелдердің киногерлердің 10 фильмі қатысады. Оған талап бойынша дебютаниттар емес, кино саласында көпжылдық еңбегі бар майталмандар ғана қатыса алады. «Үздік режиссер», «Үздік актер» және «Үздік актриса» «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» сынды аталымдар бойынша марапатталады. Ал қазылар алқасының құрамында әлемдік кинокомпаниялардың өкілдері, қоғам қайраткерлері және отандық режиссерлер болады. Сондай-ақ, фестиваль аясында 2018 жылдың премьералары кинотеатрларда тегін көрсетіледі. Онда алғашқы болып Канн фестивальінде "Үздік актриса" аталымы бойынша жүлде алған «Айка» фильмі де бар. Сондай-ақ Ақан Сатаевтың «Бизнесмендер» деп аталатын туындының тұсаукесері өтеді. 

Ақан Сатаев, Almaty Film Festival президенті:

-Біздің Еуразия кинофестиваліміз Астанаға көшкеннен кейін, Алматыда да өзінің фестивалі болуы керек. Бұның әсері, ықпалы біздің жалпы киноөндірісімізге жақсы болуы тиіс. Мен өте үміттенем әр жылы әрқалай осылай өсіп-өніп  өркендей береді деп.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде