{metadescription}
Семейде жолды бөлісе алмаған көршілер өзара қырқысып жатыр
Семейде жолды бөлісе алмаған көршілер өзара қырқысып жатыр

Семейде жолды бөлісе алмаған көршілер өзара қырқысып жатыр

Семейде көшесі тарылып қалған Кирпичный кентінің тұрғындары наразылық білдірді. Бүгінде жұрттың айтуынша, кейбір жаңадан көшіп келген көршілері  төңірегіндегі қоршауларын жолдың жиегіне дейін салып тастаған екен. Соның салдарынан, жүк көліктері жалғыз соқпаққа мүлдем сыймай қалған. Бірақ, тар жолға қоршау тұрғызғандардың қолында заңды құжаттары бар. Сондықтан олар жергілікті билік жер телімдерін ақшаға ұлғайтып  жатыр деп өкпелі.

Кезінде бұл көшенің кеңдігі тай шаптырым аумақ болған. Бүгінде,  қос қанаттағы үйлерге қойылған қоршаудың арасы үш метрге әрең толады. Енді, жұрт оның өзі жылдан-жылға тарылып келе жатқанын айтуда. Соның кесІрінен, жүк көлігі тұрмақ, басы ауырып балтыры сыздағандарға жедел жәрдем келуден бас тартады екен. Себебі, кірген көліктің бұрылып шығуға еш мүмкіндік жоқ.

Сара Құсайынова, Кирпичный кентінің тұрғыны:

-Жеңіл көліктің өзі әрең жүреді. Үлкен машиналар қоршауларды қағып жатыр. Көмір түсірейік десек жүргізушілер кірмейді. Олар қоршау қағып, оны төлейтін ақшамыз жоқ деп қашады. Ал, көктемде су басады. Бәрі қоршауларын шығарып тастады. Су қайда кетеді?

Ал, жолды тарылтып қамалдай қоршау қойғандардың қолында табақтай құжат бар. Олар барлығы заң жүзінде деп ақталуда. Тіпті көшеде тұруы тиіс электр бағаналарының аулада қалғаны да жер телімінің жоспарына еңгізіліпті.

Меруерт Әмірғалиова, Кирпичный кентінің тұрғыны:

- Міне, екі жыл болды. Сатып алдым. 2016 жылы құжат менің атыма шықты. 4 млн. 500 мың теңгеге алдым. Сол кезде, осылай тұрды. Бір шегесін де ауыстырғам жоқ.

Бірақ, тар жолда тайғақ кешіп жүргендер барлығы ақшамен шешіліп кетті деп өкпелі. Сондықтан,жұрт қанша табалдырық тоздырғанымен мәселенің мән-жайын анықтауға атқамінерлер құлық танытпады дейді. Әйтсе де, жергілікті билік, олардың тарапынан бір ай бұрын ғана арыз түскенін және соған қатысты тексеріс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Құдайберген Сейілханов, жер қатынастары бөлімінің бастығы:

- Қазір жұмыс істей бастадық. Мәліметтерін алып әр қайсын жеке-жеке жер инспекциясына жібереміз. Содан кейін, оларға айыппұл салынады. Не қоршауларын алдырады. Ал, заңсыз салынған құрылыс қызыл сызықтан асып тұрса оны бұздырады.

- Осылайша, мамандар тексеріс барысында қызыл сызықтан заңсыз асқандар анықталса жаппай жазаламақ ниетте. Тіпті, оларға 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынбақ. Енді, көше тарылды деп дүрліккен жұртқа әліптің артын бағудан басқа амал жоқ. Әйтсе де, көршілер арасындағы шу немен тынатыны белгісіз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде