{metadescription}
Құрылысына 2 миллиард  жұмсалған "Бейбітшілік қабырғасы" несімен ерекшеленеді?
Құрылысына 2 миллиард  жұмсалған "Бейбітшілік қабырғасы" несімен ерекшеленеді?

Құрылысына 2 миллиард жұмсалған "Бейбітшілік қабырғасы" несімен ерекшеленеді?

Ақтөбе облысы тура екі ай кешігіп Астанаға сыйлық жасады. Өйткені басқа аймақтар Елорданың 20 жылдығына тартуларын  шілденің басында беріп үлгерген еді. Алайда әкімдіктің сендіруінше, бұл құрылыстың ұзаққа созылуына байланысты  емес. «Бейбітшілік қабырғасын» 29 тамызға әдейі қалдырған. Себебі бүгін халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні. Ал монументтің ашылуына президент Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келіп қатысты.

-Кешке жақын қарау керек. Түнде.

-Мереке құтты болсын.

- Рақмет, бірге болсын!

Бұл кадрлар Елбасыға алдын-ала көрсетілсе керек, Нұрсұлтан Назарбаев осы түнгі  көріністі  ерекше атап өтті.  Бас қаланың басты алаңына орнатылған қабырға жапырақ тәріздес шатырды бейнелейді. Мемориалда әлемнің 51 тілінде «Бейбітшілік» деген сөз жазылған. "Бейбітшілік қабырғасына" мемлекет басшысының "Әлем. ХХІ ғасыр» антиядролық манифестінің идеясы енгізілген. Өйткені 27 жыл бұрын Президент Жарлығымен Семей ядролық сынақ алаңы жабылған болатын. Ал биіктігі 111 метрлік сәулет өнерінің туындысына 2 миллиардқа жуық ақша жұмсалған. Бірақ қыруар қаржыны бюджет емес, Ақтөбенің қалталы кәсіпкерлері көтеріпті.  Енді "Бейбітшілік қабырғасы" астаналықтар мен қатар туристердің  сүйікті орнына айналады деген үміт бар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Ақтөбеліктердің Астананың 20 жылдығына арнаған сыйлығы.

Бұл Монументтің символы дүнижүзіне біз адамзатқа жар саламыз. Атом қаруына күресу қажет деп.  Келер ұрпаққа ұмытпаңдар деген үлгі қалдырамыз.

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.