{metadescription}
Жылан мен қолтырауынды тастай қашқан кім?
Жылан мен қолтырауынды тастай қашқан кім?

Жылан мен қолтырауынды тастай қашқан кім?

Қарағанды хайуанаттар бағына белгісіз біреулер тастап кеткен экзотикалық жануарлар ерекше күтімге алынған. Маусым айынан бері зообақ қызметкерлерінің қарауында болған сары жылан мен қолтырауынның беттері бері қарапты.

Бұл үшін биологтар ақпараттарды ақтарып біраз білім жетілдіруге тура келген. Альбинос питонын ұстау жөнінде нұсқаулар болғанымен, қолтырауынды мұнда алғаш көріп тұр. Жалпы Қарағанды үшін бұл су жыртқышы таңсық. Қолтырауынның бұл түрі Оңтүстік Америка мен Орта Азияның жылы аймақтарын мекендейді. Ал сарғыш түсті жылан Африка мен Австралияның кейбір өңірлерінде кездеседі екен. Бұларды белгісіз біреулер 2 ай бұрын зообақтың кіре берісіне қалдырып кеткен.   

Аян Дүйсекеев, Қарағанды зообғаның герпетология бөлімінің меңгерушісі: 

- Бұлардың туғандарына небәрі 3-4 ай ғана болған. Алғашында екеуі де өте әлсіз болды. Тамақты да дұрыстап қорыта алмай қиналды. Қазір шүкір, 4 сантиметрге дейін өсіп, аздап салмақ қосты. Бұларды күтуге қатысты ақпаратты кітаптардан оқып, үйреніп жүрміз.    

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде