{metadescription}
Елдос Сметов жүлдесіз қалды
Елдос Сметов жүлдесіз қалды

Елдос Сметов жүлдесіз қалды

Азиададағы ауыр күн! Индонезияда өтіп жатқан 18-ші жазғы Азиада ойындарына қатысып жатқан қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Ол белдесу кезінде оң жақ қабырғасын сындырып алған.

Жарақатының ауырлығына байланысты Сметов қола медалға таласуға мүмкіндік беретін жұбаныштық кездесуден де бас тартты. 2014-ші жылы Оңтүстік Кореяда өткен 17-ші Азиада ойындарында  Қазақстан құрамасына дзюдодан алғаш рет алтын алып берген 25 жастағы атақты Сметов осылайша чемпион атағынан айрылып қалды. Дегенмен, бірінші кездесуде отандасымыздың индонезиялық Мұхаммед Лубисті жеңгенін айта кетейік. солтүстік кореялық Чжа Йон Анумен екінші белдесуде жарақат алып отыр. Еске сала кетейік, қазір жалпы командалық есеп бойынша Қазақстан 11-ші орында келеді. Отандастарымыз 47 медаль: яғни, 8 алтын, 9 күміс, 30 қола еншілеген.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде