{metadescription}
Сағадиев хиджапқа қатысты соңғы ескерту жасады
Сағадиев хиджапқа қатысты соңғы ескерту жасады

Сағадиев хиджапқа қатысты соңғы ескерту жасады

Ата-анадан артық анықтама  сұраған   астаналық мектеп басшылары шетінен жазаланып жатыр. Баланың мекен-жайы туралы құжат өткізуді талап еткен  бес директорға   қатаң сөгіс жарияланыпты.  Бұл туралы Білім министрлігіндегілер хабарлады. Сондай-ақ, Ерлан Сағадиев хиджап  мәселесіне қатысты да  нақты әрі соңғы жауабын айтты. 1 қыркүйек алдында бірнеше ескерту жасаған еліміздің бас мұғалімі бірқатар жаңалықтарымен де бөлісті.

Білім министрлігі еліміздегі мектептерге биыл ата-анадан баланың мекен-жайы туралы анықтама  мүлдем сұрамаңдар  деп, бірден ескерткен. Бірақ бұған құлақ аспай, ескі әдетке салып жатқан директорлар да бар. Осындай орынсыз анықтама талап еткен  мектеп басшыларын шетінен  жазаға тарттық дейді Білім министрлігіндегілер.    

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Астана қаласы бойынша осы жұманың ішінде 5 мектептің директоры жауапкершілікке тартылды. Ол мектептерді енді айтпай-ақ қояйын. Оның ішінде қатаң сөгісі де бар, сөгісі де бар. Бірақ нақты осы жіберілген қателіктер бойынша тиісті қатал шаралар бүгінгі күні қабылданып жатыр.  

Бұл ескерту өзге  өңірлерге де қатысты. Елордадан басқа аймақтар да  бақылауда болады. Қазір еліміздегі  орта  оқу орындары  1 қыркүйекке қызу дайындық үстінде.  Мұғалімдер қолда бар кітаптарды таратуда. Ал  ата-аналар ұл-қызының құжатын түгендеп жүгіріп жүр. Биыл мектепке орналасу үшін төрт құжат қажет: баланың  туу туралы куәлігі, суреті, медициналық анықтама мен ата-анасының өтініші. Бұл  құжаттарды үйде отырып электронды түрде тапсыруға да болады. 

Мария Шакубасова, Астана қаласындағы №66 мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

- Әр мектепке ата-ананың қалауы бойныша орындар берілді. Сол орындар бойынша ата-ананың өз еркінде, кез-келген мектепке тіркеле алады. Ата-ананың қалауы бойынша бздің мектепке 60 орын берілді. Сол 60 орынға кез-келген ата-ана  өзінің баласын тіркей алды.

Яғни әкімдік әр мектепке шектеулі орын бөлген. Оған мектептен шалғай жерде тұратын немесе жаңадан көшіп келгендер баласын орналастырады.  Жаңа оқу жылындағы  тағы бір жаңалық  – енді оқушы санына қарай мектептерге қосымша қаржы бөлінеді. Ол ақша ұстаздарға сыйақы ретінде үлестіріледі.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Жан басына қаржыландыру механизімін ендіру. Тиісті норматив бекітілді. Астана қаласында  толығымен 74 мемлекеттік және 11 жекеменшік мектепке енгізілуде. Бұл жұмыс басқа қалаларда, Шымкент қаласында   басталып кетті.

Елімізде құжат өткізбек түгілі,  әлі қайда барып білім алатынын  білмей жүрген шәкірттер де бар.  Мысалы, Астанадағы 8-ші мектепте жөндеу жұмысы  аяқталмағандықтан  ата-аналар шу шығарған еді. Жаңа оқу маусымына небары екі күн қалғанына қарамастан Атырау облысында да 4 мектеп күрделі жөндеуге байланысты жабық тұр.

Қайырғали Кенжеғалиев, Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы:

- Мердігер компания жұмыс жүргізіп жатыр қазіргі таңда. Ондағы басты проблемалардың бірі – жұмыс күші жиі ауысты, одан кейін құрылыс материалдарының  мерзімінде жеткізілмей, осындай мәселелер болды. Басында жұмыстар кішкене қиындықтар туғызды. Қазіргі кезде оның барлығы қатаң бақылауға алынып, біз мектептерді толықтай 1 қыркүйекке дайын ету мақсатында жұмыс істеп  жатырмыз.

Ал биыл еліміз бойынша  340 мың бала бірінші сыныпқа барады. 

-Сондай-ақ, Сағадиев хиджаб мәселесіне қатысты да нақты жауап берді. Министр мектепке тұмшаланып киініп келуге мүлдем болмайтынын екертті. Білім орындарын дінмен шатастырмаңдар  деді бас ұстаз. Бұл тәртіп барлық мектепке қатысты.  Және қыз балалар мен ұлдар бөлек оқитын жеке мектеп ашу Білім министрлігінің жоспарында жоқ екен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде