{metadescription}
Теміртаудағы сұмдықтан соң балабақшаларға камера орнату заңмен міндеттелмек
Теміртаудағы сұмдықтан соң балабақшаларға камера орнату заңмен міндеттелмек

Теміртаудағы сұмдықтан соң балабақшаларға камера орнату заңмен міндеттелмек

Еліміздегі мектептер мен балабақшалардың 60 пайызы бақылау камераларымен жабдықталмаған. Бұл туралы білім министрлігіндегілер мәлімдеді. Алдағы күндері осы мәселені шешу және мұғалімдер мен тәрбиешілердің біліктілігін тексеретін жалпыұлттық тест өткізу жоспарланып отыр.

Теміртаудағы жекеменшік балабақшада болған жантүршігерлік жағдай елді  елең еткізбей қоймады. Онда тәрбиеші 1 жарым жастағы бүлдіршінді буындырғаны ұялы телефонға түсіп қалған. Аталған балабақшаның өзінде бақылау камералары жоқ. Еліміздегі сектепке дейінгі мекемелерде балаға қол жұмсау деректері көптеп тіркеліп жатыр. Тіпті, бақылау камерасының барын біле тұра, бала сабайтын тәрбиешілер кездесіп жатады. Сондықтан   жаппай бейнебақылауды қамтамасыз етумен қатар, білім мен тәрбие беретіндердің де қылығын қадағалау көзделген.

Асхат Аймағамбетов ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары:

-Біз барлық балабақшаларға бақылау камераларын орнатуды міндеттемекпіз. Кейбір балбақшалар ондай жүйемен қамтылған. Алшақтан жұмыс істей алатын IT камералар арқылы баланың іс қимылы бақыланады. Бейнежазба 30 күнге дейін сақталады. Сонымен қатар тәрбиешілер үнемі психологтың бақылауында болуы керек деген шарт қоямыз.

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.